Санжар: Әке, қолыңыз бос болса, көмегіңіз керек еді?
Әкесі: Иә, балам. Қандай көмек, айта бер.
Санжар: "Электр энергиясы және оны үнемдеу" тақырыбына шағын хабарлама әзірлеу керек.
Әкесі: Балам, бүгінгі таңда электр энергиясы қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазір өмірімізді электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Дегенмен, "судың да сұрауы бар" демекші, электр энергиясын үнемдеу қажет.
Санжар: Сонда электр энергиясын үнемдеудің қандай жолдары бар?
Әкесі: Мысалға, бөлмеден немесе үйден шығарда шамның барлығын сөндіріп тек қажет уақытында қосып жүру керек; желдеткіш пен кондиционерді жиі пайдаланбай, кей кездері терезені ашқан да жеткілікті болады; Тамақты жылыту керек болған жағдайда электр пешінің орнына микротолқынды пешті қолдану т.б.
Санжар: Әке, ал біз үйде электр энергиясын қалай үнемдейміз, сол туралы толығырақ айтып берсеңіз?
Әкесі: Біз үйде ең алдымен энергия үнемдегіш шамдарды пайдаланамыз. Сонымен қатар, айтып өткенімдей, шамды тек қажет уақытында қосамыз және су жылытқышты тек қажет уақытында ғана қатты қыздырып, басқа уақытта ең төменгі деңгейінде қолданамыз.
"Электр энергиясы" жайлы диалог құрастыру.

Санжар: Әке, көмегіңізге көп рахмет!
Әкесі: Оқасы жоқ, балам.