Қазыналы қазақ қашанда қым-қуыт тірлікті өнегелі өрілген сөзбен сипаттай жүреді. Астарында мағына бұғып жатқан әр сөзі әлі күнге әрін жоғалтқан емес. Сол сөздердің сыры мен сымбаты кетпегенінің көрінісі – «жігітке жеті өнер де аз» деген аталы сөз. Ел қорғаны болған жігіттен мінсіздік іздегендіктен, жеті өнердің өзін аздық қылған. Атқа шапса, домбыра шертсе, елін жайласа, сөзге ұсталығы, бойда батырлығы, жүректе иманы және білімге жиғаны болса, міне, жігіт! Одан артық өнері болса – жігіттің төресі. Өнері өн бойынан өтіп тұрған өр жігіттерді ел мақтаған. Ал, ел мақтаған жігітті қыз жақтаған ғой. Осы үшін де ертеректегі ерлер жеті өнердің өзін кем көрген. Ол күнгі жігіт те – жігіт, бұл күнгі жігіт те – жігіт. Дегенмен, заманына қарай адамы. Қазіргі ердің өнері өзгерді. Сол үшін де бүгінгінің жеті өнерін жинақтап көрген едік.
Жігіт жанынан табылатын өнерді іздесеңіз, нәзік жандылардан сұраңыз. Расымен, ерді сынайтын да, сыйлайтын да – осы арулар. Қыздар қауымы болмаса, жеті өнер түгілі жетпіс өнердің де қажеті болмас. Жігіттің өнері – қыздың керегі. Осыдан болар ердің өнерін есептейміз деп, сұлудың қажетін түгендегендей болдық.
Ақша тапса, көлік мінсе, танысы болса, спортқа таласы, ортасының дарасы, жүректегі иманы мен жиған білімі бойынан табылса – жігіттің төресі.

Объяснение:
Жігітке жеті өнерде аз.