"Еңбек" — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дәрежесі, оның дағдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің әлеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты.
Менің арман мектебім тыныш көшеде орналаспақшы.Мектептің жанында әдемі бұрқақ, кіреберісі өте ыңғайлы, кең.Мектепте жарық, кең, қазіргі заманға сай аудио-, бейне техникамен жабдықталған сынып бөлмелері болады.Оқу үрдісі тиімді, жетістікті болу үшінәр сынып бөлмесінде керекті әдебиеттермен жабдықтылған шағын кітапханалары болады.Оқушы өз бетімен аудио-, бейне материалдармен жұмыс істеу үшін лингофон студиясы болмақшы.Сабақтар тек түске дейін болады. Ыңғайлы болу үшін топта алтыдан астам оқушы болмауы керек.Түстен кейін оқушылардың мұғалімнен жеке сабақ алуға мүмкіндігі болады...