Найти словосочетания существительное + глагол и составить с ними предложения. Ұлы Жібек жолы Байырға заманда жердін түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол кажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азык-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы
болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек
жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан
ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене
ғимараты бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып
табылады
Жібек жолындағы данқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа
аты әйгілі кала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу
Насыр Ибн Мұхаммед шыққан кала.
Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал
Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.