НАЙДИТЕ В ТЕКСТЕ НАРЕЧИЯ И МЕСТОИМЕНИЯ Лиро-эпостық жырлар - ауыз әдебиетінің мол әрі рухани қазынась мазмұны мен көркемдігі жағынан лиро-эпостық жырлар ауыз әдебиетін тыңда классикалықтуындылары болып саналады. ғашықтық туралы жырларда теке жастың арасындағы махаббат, сүйіспеншілік қана айтылмайды, сонымен бір ге көшпелі қазақ елінің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларь әдет-ғұрпы, өмірге деген көзқарасы да жырланады Ғашықтық, сүйіспеншілік туралы жырлардың басты кейіпкерлері - батыр- лар емес, қарапайым адамдар. бұл дастандарда арманына жете алмаған екі жастың махаббаттары шынайы бейнеленген. лиро-эпостық жырлар да халық арасында көп замандар ауызша тараған. сүйіспеншілік, махаббат туралы жырларда адамның ішкі сезімі, халықтың тұрмыс-тіршілігі батырлар жырына қарағанда көбірек айтылады. сондықтан да бұл жырлар «лиро-эпостық» деп аталады. «қозы көрпеш-баян сұлу», «қыз жібек», және тағы басқа туындылар лиро-эпостық жырларға жатады.
Менің арманым
Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.