Найдите прилагательное
Қартқожа көйлекшең, жаланң бас, көк шөпке
бауырын төсеп кітабын оқып жатыр. Оның
кітапқа ынталанғандығы сонша, жан-жағына да
қарамайды, демін де білдірмей алады. Ол екі
атты да ұмытып кетті. Біреу алып кетсе, білер
емес. Оқыған сайын ажарланады, көзін қадап,
қағазды жеп қоятын тәрізді.
Әлден уақытта аяғына жетті. Ол кітапты
жаппай, ойланып, басын шайқап, таңдайын
қағып біраз жатты. Содан кейін басын көтерді.
Қартқожаның есіл-дерті оқуға кетті. Өзіне-өзі
«оқимын» деп серт етті. Қалай оқиды? Қайдан
оқиды? Қайда барады? Қаражатты қайдан
табады? О жағымен ісі болмады, ойына да
келмеді, қайтсе де оқымақ болды.
ответ:көйлекшең,көк,жалаң бас
Объяснение: