Найдите нормальный перевод текста -міне, , осы менің батам болсын. тіпті, шынымен мейірім түсіп айтқызып отыр,- деді. абай ыңғайсызданып қысылды да, үндемеді. бұл "барластар ертең жүреді" деген түнде, ас алдында болған сөз еді. ертеңінде қонақтар қымыз ішіп болып, енді қоштасарға келгенде ұлжан барласқа қарап бір сөз айтатындай пішін білдірді. қонақтар іркіліп қалған еді. - мынау оқудан қайтқалы сүле науқас боп, арыла алмай қойып еді. сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар. қ құтты қонақ болдыңдар! - деді абай тысқа шығып, барластарды аттандырып жатып, енді көрді. осы үйдің екі жылқышысы барласқа арнап бір семіз көк атты, байкөкшеге арнап бір торы құнанды ноқталап тұр екен. екі ақын екеуін жетекке алып, тағы да "қош, қош" айтып, жүріп кетті. абай шешесіне дән ырза боп, қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты. ұлжанның мол денесін қапсыра құшақтап, қатты қысып, бетінен, мұрнынан, көзінен қайта-қайта сүйді.