Қазақ тілі – қазақтың ана тілі, Бірақ оған адам аз бас иетін. Қазақ тілі – қазақтың дара тілі, Кейбіреулер түсінбес қасиетін. Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды, Орыс тілі сіңген ғой санамызға. Неге олар «тілім» деп қуынбайды, Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба? Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым. Өз тілімде керемет ақыл –ойым. Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі, Ол тарих, сенің, менің абыройым!