В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
matelskayaelizowz66m
matelskayaelizowz66m
12.03.2022 05:48 •  Қазақ тiлi

Напишите краткое и понятное содержание текстов с переводом: жеке батыр жайлы аңыз, оқжетпес тауы туралы аңыз, оқжетпес шыңы, жұмбақтас туралы аңыз, биші қайыңдар туралы аңыз.

Показать ответ
Ответ:
МорскойКот
МорскойКот
26.08.2020 01:46
Жеке батыр жайлы аңыз.
Бір кедей ауылда ақылды парасатты, арманшыл, үлкен күштің иесі батыр өмір сүріпті. Ол жас, өлең айтатын ешқандай қорқуды білмейтін болыпты. Өсе келе айналысындағы кедейшілікті, халықтың көз жасын, қайғысын көреді. Шығыстан және оңтүстіктен ауылға жоңғарлар, батыстан – Волга қалмақтары қысым жасады. Дұшпандары ауылдан адамдарды, малдарды айдап әкетіп жатады. Ел ішінде жігіттер қыз-келіншектер үшін өзара төбелесті. Осындай реніштері үшін олар бір-бірінің жайылымдарына зиян келтірді. Осындай келеңсіз жағдайларға өкпелеп жас батыр ауылдан кетіп, өз бақытын табуға бел буады. Жолда батыр өзге елдің бірнеше әскерлерін жолықтырады. Олар бақытқа жету үшін жердің түбіне жалғыз бару керек емес, қасыңда жора-жолдас болу керек. Күш біріктіріп, еліңді-жеріңді қорғасаң, сонда бақыт өзі келеді, - дейді. Батыр ешқайсысының сөзіне құлақ аспай, өз жөніне кете береді. Алдынан дұшпанның үлкен әскері кездесіп, барлық жолын жауып, қанды шайқас болады. Сонда ғана қанша батыр болса да, жалғыз жолға шығуға болмайтынын түсінеді. Дұшпандарының қолынан дала төсінде мәңгі ұйқыға кетті. Қазіргі кезде «Жеке батыр» тас бейнесі халық жүрегінде аңыз болып қалды.

Оқжетпес тауы туралы аңыз.
Бұдан жүз жыл бұрын ба, әлде мың жыл бұрын ба, кім біледі, Арқаның Көкшетауының бауырындағы бір алаңқыда әрі батыр, әрі асқан аңшы бір кісі мекендепті. Кәсібі бүркіт салып, аң аулау болыпты. Ол кезде Көкшеге ауып келген «Оралдың ақ иығы» атты орасан күшті бүркіттер мекендейді екен. Батыр аңшы бір күні аң аулап келе жатып, қазіргі «Оқжетпес» атала­тын, бейне алып күшті дәу қолмен текшелеп үйіп қойғандай үшкір найзаланған биік тас таудың шың басына бір бүркіт адам тәрізді жәндікті бүріп қона бергенін көріп қалыпты. Сол арада: «Апырмай, мұның жемі адам тәрізді ғой», - деп ойлай­ды да, жалма-жан садағын ала салып, бүркітті көздеп тартып жіберіпті. Зулаған оқ үшкір таудың ортасынан аса, көзделген шың тасқа жетпей жерге түсіпті. Құтқара алмайтынын сезген батыр аңшы көңіліне жаман ой түсіп, дереу үйіне жүгіріп келсе, әйелі зарлап жылап отыр екен. Жаңағы бүркіттің бүрген жемі батыр аңшының жалғыз баласы екен. Ашына күйінген батыр аңшы: «Ең болмаса, қызымның сүйегін көмейін» деген оймен «Құлап өлсем, жаным артық па», - деп тәуекелге бел байлап, құс болмаса бұрын адам шықпаған найза тауға шығып, қызының сүйегін алып, түбіне жерлепті. Ал тас тауға «Оқжетпес» деп ат қойған екен.

Оқжетпес шыңы.
Оқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен: Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота