"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге, әдемі киімге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды әрі ыңғайлы болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.
Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сүріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.
Мен сабаққа мектеп формасын киемін. Ал сабақтан бос уақытта күнделікті ыңғайлы киім кигенді ұнатамын. Көбінесе ыңғайлы шалбар мен ауа райына байланысты жеңіл жейде (футболка) немесе жұқа күртеше кигенді ұнатамын. Ал мерекелік іс – шаралар мен жиын – тойларға қыздың көркін ашып тұратын әдемі көйлек кигенді ұнатамын. Сонымен қатар, киімге сай аяқ – киім таңдап кигенді жақсы көремін. Аяқ – киімнің әдемілігімен қоса, ыңғайлы болуы керектігін есте сақтаған абзал.
Келешекте оқуымды ойдағыдай тәмамдап, өзім де киім безендіру мен тігу саласында жұмыс істесем деп ойлаймын.
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Таймановбастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.
Мен қандай киімді ұнатамын?