Білезік тағылатын әшекейлі, сәндік бұйым. Білезік сөзінің түп-төркіні білек және жүзік (білекжүзік — білежүзік — білеүзік — білезік) сөзінен туындаса керек. Білезік қымбат металдардан жасалады. Білезіктің көлемі, пішіні, әшекейі әр алуан болады. Оған асыл тастардан көз орнатылады, алтын не күміс жалатып, лажылап, эмаль бағдарлап та соғады.