Әр адамның өз болмысына жақын, өзі ұнататын, бала күнінен еліктеп өсетін батыры болады. Бала күнімен халық ауыз әдебиетіне жақын болып, ертегі кітаптарды жастанып өскендіктен менің сүйікті қаһарманым тиісінше ертегі кейіпкері болды. "Ер Төстік" ертегісін оқып, ондағы Төсіктің ерекшелігіне қызығып, батылдығына тәнті болып өстім. Оның ағаларын іздеуі, қалыңдығы Кенжекей үшін күресуі ертегінің қиял әлеміне еріксіз елітіп әкететін. Ертегідегі Төстік - адал, батыл, бауырмал әрі махаббатына адал жан. Шалқұйрық атқа мінген батырдың ерекше болмысында ешкімде кездеспейтін қасиет, ешкімнен таныла бермейтін мінез бар. Оның дүниеге келуі де, өсіп ер жетуі де өзгелерден ерек. Бітімі бөлек Төстіктің бастан кешкен оқиғаларын оқып отырып өзім де сондай батыл, айтқанынан қайтпайтын адам болсам екен деп армандайтынмын. Кенжекей сұлуға осындай азаматтың бұйырғанына қуанып, іштей қызғатынмын да. Бала күннен сүйікті қаһарманым болғандықтан, өмірде де дәл сондай ер мінезді, өжет, досқа да, жарға да адал азамат кездессе екен дейтінмін. Ондай ердің отбасын ғана емес, бүтін елді қорғай алатынына, елі үшін қызмет ететініне кәміл сенетінмін. Бүгін де сол қиялдың жетегінде жүріп, Төстіктің бойына біткен мінез тек ер адамда ғана болмауы тиіс деп ойлаймын. Мінез, қасиет - бар адамға ортақ. Олай болса неге өзім де сүйікті қаһарманымдай болмасқа? Мен де Төстік сияқты бауырмал, көпшіл болып, сүйгеніме адалдық таныта аламын. Ол сияқты ата-ананы құрметтеп, оларға бақыт сыйлау міндетім. Ең бастысы, ол сияқты ақ адал болмысты, адамгершілігі жоғары адам болғым келеді. Менің сүйікті кейіпкерім маған тек жақсы жағынан үлгі болды.
Мен Павлодарда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Павлодардың орны ерекше. Павлодар қала ретінде XIXғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Ертіс жағалауы – павлодарлықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Павлодарды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Мұнда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, Өлкетану мұражайы, Бұқар жырау, Майра Шәмсуддинқызы атындағы және көркемсурет мұражайлары бар. С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПИ, ИНЕУ секілді ЖОО, көптеген лицейлер мен орта арнаулы оқу орындары бар. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, мұнай-химия, сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі.. Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде , Павлодардай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.
Объяснение:
Менің сүйікті қаһарманым