А бұл өмірде екі нәрсенің қадірін білмейді: зор денсаулық және бос уақыт. Барлығына уақыт емші- дейді дана халық. Адам өмірі уақытпен өлшенеді, ал уақыт бір мезет, яғни адам өмірі де бір мезет. Біздің бұл өмірде ойлана бермейтініміз- уақыт. Ол жайлы тек қарттық шаққа қадам басқанда ғана ойлана бастаймыз, бірақ ол кезде амал қылу кеш болуы мүмкін, өйткені уақыт алтыннан да қымбат.