Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті, бара-бара құлан алыпты, құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті құлан мен маралды мая-мая үйіп тастапты. Қарасудың бойындағы қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап жүрсе, Қаратаудың ойында, терең құздың бойында арыстандай көкжал бөрі бір буаз биені жаңа ғана жарып, жегелі жатыр екен. Кендебай жүгіріп барып, көкжалды құйрығынан ұстап алып, бұлғап-бұлғап лақтырып кеп жіберіпті. Қасқыр арс етіп, аузын қисаңдатып, өліпті де қалыпты. Кендебай қасқырдың терісін сойып алып, биенің қасына келсе, бие жанталасып, өлгелі жатыр екен. Кендебай алмас қанжарымен биенің қарнын жарып жіберіп, құлынын суырып алыпты. Арыстай еркек құлын екен. Кендебай құлынды үйіне алып қайтыпты, оны құланның сүтімен асырапты. Құлын сағат сайын емес, минут сайын өсіпті. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты. Аттың түсі керқұла болыпты. Кендебай Керқұланы үйретіп мініп, түн қатып жүріп, аң аулапты. Керқұла қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік болыпты. Кендебай Керқұланы құстай ұшырып, алты қырдың ар жағынан қаша жөнелген құланды көзді ашып-жұмғанша қуып жетіп, құйрығынан ұстайтын болыпты. Кендебай осылай аң аулап, ел аралап жүре беріпті. Ол мейлінше қайырымды болыпты, жылағанды жұбатыпты жатсынуды сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ болыпты. Керқұла атты Кендебай батыр атанып, әлемге аян болыпты. Күндерде бір күн Кендебай аң аулап, алысқа ұзап кетіпті. Кетіп бара жатып, қозысын бағып жүрген бір балаға кездеседі.
Бізді кішкентайымыздан тәртіпті, жақсы адам болуға үйретеді. Сөйтіп біз тек жақындарымыздың алдында ғана емес, өзгелердің көзінше де жақсы болуға тырысып бағамыз: әріптес достарымыздың жұмысын жасай саламыз, соңғы ақшамызды қарыз сұраған құрбымызға бере саламыз, қауіпті болса да досымызға көмектесуге аттанамыз. Жақсы адам ретінде әлемге жақсы жағымыздан көрінгіміз келеді, алайда әлем бізге әрдайым жақсылықпен жауап бермейді.
Әрдайым жақсы адам болып көріну психикалық тұрғыдан денсаулыққа әсер етеді. Психологтардың айтуынша, әрдайым «жақсы адам болып көріну» тастанды боламын деген қорқыныштан туындаған мазохизмнің бір түрі. Тәрбиемен зорлап міндеттелген жақсы адамның образын арқалап жүремін деп адам көптеген психикалық ауруларға шалдығуы мүмкін.
Адам тек ішкі қалауларын оята алған кезде ғана «жақсы адам» образынан шығып, тым құрығанда шығуға тырысып, жаңа өмірге қадам басуы керек. Және жаңа өмір – жаман болса да, жақсы болса да, ол нағыз шынайы өмір!
«Жақсы адам» кейпінен шығудың мына амалдарына назар салыңыздар:
Әрдайым ата-анаңыздың ризашылығын күтпеңіз. Сіз оң мен солды ажырата алатын ересек адамсыз. Шешім қабылдап үйреніңіз және өз қателіктеріңізді қабылдап, жауап бере біліңіз.
Өзгелер құптамаса да, жаныңыз қалаған іспен айналысыңыз.
Басқа адамдардың қайғысын, мәселелері мен жұмыстарын өз иығыңызға арта бермеңіз. Мұның бәрі сіз үшін артық ой мен салмақ.
Жақындарыңыздың үмітін ақтай алмасаңыз, өзіңізді кінәлі сезінбеңіз. Басқалардың көзінше сіз қателік жасасаңыз да, сізге бұл зорлап міндеттелген істер лабиринтінен шығудың бір амалы болар.
Сізден көмек сұрамаса, өз бетіңізбен көмекке жүгіруге асықпаңыз. Ал егер шынымен қажетсініп жатса, көмектесіп қана қоймай, жаныңызды рахатқа бөлейтін іс ретінде қараңыз.
Мұнымен біз, әлбетте, жақсы адам болмаңыз демейміз. Ақ ниетпен жақсылық жасап, ризашылыққа бөленгенге не жетсін? Бірақ, әрдайым жақсы адам боламын деп шынайы келбетіңізден айрылып қалмаңыз. Әрі өмірдің талабы сол, керек кезде «Жоқ» деп айтуға міндеттейді. Және бұл сіздің өміріңіз. Өз өміріңізге өзіңіз иелік ететін уақыт келді.

Объяснение: