Әрбір адам өмірінде ең маңыздысы - білім алу. Кішкентай кезімізден ата - анамыз мектеп табалдырығын аттатып, мұғаліміміз сыныбымызға жетектеп, партаға отырғызғаннан бастап алдымызда алтын кітап жатады. Кітап бетін ашқаннан бастап білімнің барлығын өз ойымызға сақтап, өмірімізде көптеген жетістіктерге жету үшін сол білімді қолданамыз. Кітап оқып білім алсаң тіл байлығың жетіліп осы өмірдегі ең ақылды адам атанасың. Ал қазіргі заманда ең ақылды адам, ол ең күшті адам.