Арлылық – тектілік пен көрегендіктен, иман мен жігерден туатын қасиетті мінез. Арлы адам ең әуелі ұятын сақтайды, адамдық мінезден айнуды намыс көреді. Түлкімінез жарамсақтыққа, жағымпаздыққа, сатқындыққа, қорқаулыққа, аярлық пен арамдыққа бармайды. Тоғышарлық пен күнәдан бойын аулақ ұстап, дүниелік ұсақ-түйекке бола кісілік қадір-қасиетін төмендетпейді. Қандай жағдайда болмасын, өз тағдырына разылық танытып, тоқмейіл қалпын сақтайды. Кісіге қол жаймайды, ешкімнен ештеңе дәметпейді де. Арлы адам үшін кісіге масыл болудан артық қорлық болмақ емес. Табан ақы, маңдай терімен күн көріп, құдіретті Жаратушының алдында ғана бас иеді.