Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын.
Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ