В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
DianaTesl
DianaTesl
30.07.2021 17:21 •  Қазақ тiлi

Надо ответить на во по тексту.
Текст.
Дж.Г.Байрон (1788-1824) шығармашылығы - әлемдік әдебиеттегі романтикалық өмір танушылықты бейнелеудің озық үлгісі. 19 ғ. Байронның дүние жүзі әдебиетіне әсер еткендігі соншалық, басқа ұлттық әдебиеттерде «байроншылдық» қозғалысы пайда болды. Байрон көркем әдіс ретінде романтизмнің жаңа қырларын ашты, әдебиетке жаңа тұлғалар бейнесін әкелді, поэтикалық формаларды жетілдірді, саяси сатираның жаңа түрін жасады. Байронның поэтикалық жаңашылдығы. (романтикалық кейіпкер бейнесі, лиро-эпикалық поэма жанры, өлеңдік өлшемдер).Чайль Гарольд бейнесі арқылы еуропалық елдердегі озбыр билеушілерді әшкерелеуі. «Чайльд-Гарольд» поэмасының бірінші екі өлеңі – Байронның 1812 жылы жарыққа шыққан ең ірі шығармалары болды. Байронның романтикалық сарыны әлем әдебиетіне қатты әсер етті. Байронның әр шығармасы қаламмен емес, қанмен жазылған классика. Шедевр! Бірақ Байронның атын аспанға шығарған оның поэзиясы емес, лордтардың палатасындағы жұмысшыларды жақтап, әділеттілікті қорғап сөйлеген жалынды сөздері еді. Осы оқиғадан соң 23 жасар Байронның атағы дүркіреп кетті. Ақынның сол жылы жарық көрген «Чайльд Гарольд» поэмасының алғашқы екі бөлімін жұрт талап әкетті.
Байронның лиро-эпикалық романтикалық-бүлікшілік, шығыстық поэмалары. «Корсар», «Гяур». Пәлсапалық драмалық дастандары «Манфред», «Шильон тұтқыны», «Чайль Гарольдтың сапары» шығармаларындағы озбырлыққа қарсылық, бостандық сүйгіш әуендер. Байрон шығармашылығының итальяндық кезеңі. Шығармаларының көп жанрлылығы. Поэма, сатира, драма, өлеңмен жазылған роман. Кайн және Байрондық романтикалық кейіпкердің өсу эволюциясы. «Қола ғасыр» - Байрон шеберлігінің саяси сатирадағы шыңы.
«Дон Жуан» - өлеңмен жазылған роман. Романдағы кейіпкер сомдауда реалистік бағыттың күшеюі, тарихи -әлеуметтік шындықтың кеңдігі, уақыт шындығын бейнелеудегі энциклопедиялық сипат.
Ұлы ақынның лордтар палатасындағы ағылшын үкіметінің отарлық саясатын әшкерелеп сөйлеген жалынды сөздері биліктің ашу-ызасын туғызды. Байронның замандасы француз жазушысы Стендаль биліктің ақынға деген ашу-ызасын «саяси ашу-ыза ретінде бағалады (Қараңыз: Стендаль, 15 томдық шығармалар жинағы, М., «Правда». 1959 жыл. 7-том, 297-бет.). 1816 жылғы ақынға қарсы ұйымдастырылған науқан Байронды біржолата Отанын тастап кетуге мәжбүр етті. Қуғында жүріп Байрон Италия мен Грекияның тәуелсіздігі үшін күрескен қозғалыстарға қолдау білдірді. Байрон поэзияға азаттықтың рухын алып келді. Байронның поэзиясын әсіресе декабристер жақсы көрді. Олар Байронға азаттықтың ақыны ретінде табынды. Байрон білімі теңіздей терең, есте сақтау қабілеті күшті ақын болған.
Байрон шығармаларын қазақ тіліне Абай, Қ. Аманжолов, Қ. Сатыбалдин, Ғ. Қайырбеков, т.б. ақындар аударды. Байрон шығармашылығы. Байрон шығармашылығын үш кезеңге бөлінеді: 1807-1809 жылдар аралығы; 1809-1817 жылдар аралығы; 1818-1824 жылдар аралығы. Байронның алғашқы әдеби еңбегі «Бос уақыт» атты (1807) атты өлеңдер жинағы болып табылады. Бұл жинақты жазған уақытта жас ақын әлі ХУІІІ ғасырдағы ағылшын поэзиясындағы сүйікті образдарының ықпалынан шыға алмады. Ақын бірде Грей элегияларына («Гарроудағы бейіт басындағы ағашқа жазылған жолдар» өлеңі), бірде Бернс поэзиясына («Еркін бөбек болғым келеді...» өлеңі) еліктейді. Әсіресе, классицистердің дидактикалық поэзиясының ықпалы қатты сезіледі («Мистер Фокстың өліміне» атты өлеңі). Сонымен бірге, алғашқы «Каин» мен «Прометей» өлеңдерінен-ақ автордың поэтикалық даралығы байқалады. 1809 жылдың жазында Байрон Таяу Шығыс елдеріне, өзінің алғашқы саяхатына аттанды. Ол өз отанын алғаш рет Таяу Шығысқа жасаған сапары кезінде тастайды. Бұл саяхаты барысында ол өзінің «Чайльд Гарольдтың сапары» поэмасын жазады. 1812 жылдың 29 ақпанында «Чайльд Гарольдтың сапарын» (2 бөлімін) жариялайды. Поэма ақынға үлкен атақ әкеледі. Бір күннің ішінде кітаптың 14000 данасы сатылып кетеді. Бұл поэма жас ақынға әлемдік теңдесі жоқ атақ алып келді. 1813-1816 жылдар аралығында шыққан «Гяур» (1813), «Абидосстық қалыңдық» (1813), «Корсар» (1814), «Лара» (1814), «Коринфты қоршауға алу», «Паризина» (1816) поэмалары қалың оқырманның жоғары бағасын алды. Байрон романтикалық поэманың ерекше жанрын, романтикалық кейіпкердің өзгеше образын жасай білді. 1814 жылы ақын зор табысқа жеткен және барлық еуропалық тілдерге бірнеше рет аударылған «Еврей әуендерін» жазады. Оның бұл еңбегі де қазақ тіліне аударылды. Ақын «Еврей әуендерін» библиялық мотивтер негізінде жазды.

Показать ответ
Ответ:
Ma4oMatoy
Ma4oMatoy
02.01.2021 11:53
Ответ: жюль верн – француз жазушысы, ғылыми фантастикалық роман жанрының негізін қалаушылардың бірі. ол францияның нант қаласында 1828 ж. 8 ақпанда туған. мамандығы заң қызметкері. театр директорының хатшысы (1851 – 54), қаржы-қаражат агенті (1856 – 64) қызметтерін атқарған. әдеби қызметін шағын пьесалар (1849) жазудан бастаған. 1863 ж. «әуе шарында өткен бес апта» атты тұңғыш романы жарық көрді. верн 65 роман, повесть, әңгіме және тарихы туралы зерттеулер жазды. жазушының «капитан гранттың » (1867), «сырлы арал» (1875), «он бес жасар капитан» (1878), т.б. шығармаларында суреттелетін табиғат пен теңіз асты әлемінде кездесетін әр түрлі жағдайларды дәл бейнелеуі ғылым жетістіктерімен үндесіп жатыр. 1905 ж. 24 наурызда жазушы жюль верн амьенде дүние салды. оның шығармалары көптеген әлем халықтары тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де аударылды, фильмдер түсірілді. айдың арғы бетіндегі кратер верн есімімен аталады

объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
HelpSpasibox
HelpSpasibox
28.04.2023 17:51

алаш туы астында,

біз алаштың .

күніміз туып көгерді,

сарыарқаның даласы.

құрт аурудай жайлаған,

құртпаққа бізді ойлаған,

қанымызға тоймаған,

қолымызды байлаған,

ерімізді айдаған,

елімізді лайлаған.

жерімізді шимайлаған,

өшті залым қарасы.

жасасын, алаш, жасасын!

алаш туы астында,

қолдайтын алаш бабамыз.

"туысқандық", "теңдік" деп,

туын қолға ап шабамыз.

берілгенде тілектер,

жарылмай ма жүректер? !

заң жасайтын орынға,

жұртпен бірге барамыз!

қатардан орын аламыз!

жасасын, алаш, жасасын!

алаш туы астында,

куә болсын арымыз.

көркейтуге алашты,

құрбандық біздің жанымыз!

былай тұрсын малымыз,

алаш деген ел үшін

сарыарқаның жері үшін,

бостандық берген ер үшін,

төгілсін біздің қанымыз!

аялмасын жанымыз!

жасасын, алаш, жасасын!

алаш туы астында,

өлсек бірге өлдік біз.

не жақсылық, не қайғы,

көрсек бірге көрдік біз!

ішкі жанжал таласты,

күншілдікпен қарасты,

мына жерге көмдік біз!

жасасын, алаш, жасасын!

алаш туы астында,

күн сөнгенше сөнбейміз.

енді ешкімнің алашты,

қорлығына бермейміз!

қтың жолына,

бастаған ерлер соңыңда,

басқаға көңіл бөлмейміз,

қандай шайтан келсе де,

алдауына көнбейміз.

өлер жерден кеттік біз,

бұл заманға жеттік біз!

жасайды алаш, өлмейміз!

жасасын, алаш, жасасын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота