Надо найти собственые имена
- Уа, халайық! Мені тыңдаңыздар! Біздің Бұлғыртау ауданында 9 колхоз бар. Үкімет сол 9 колхозға берді. Мен мына алып келдім, таныс болыңыздар, - деді Басқарма. – Стройдың басында тұрған Ертай мен Нартай – ағайындылар, ұлты – қазақ. Содан кейін тұрған бала – Рашид, жеті жаста. Ұлты – татар. Рашидтен кейін тұрған қыз – Оля алты жаста, ұлты – дүнген немесе қалмақ. Олядан кейін тұрған бала – Яков тоғыз жаста, ұлты – орыс. Яков сөйлей алмайды, мылқау. Яковтан кейін тұрған бала жеті жаста. Ұлты – неміс. Алмай қояйын деген едік балалар үйіне, бірақ әкесі мен шешесі жоқ, жетім бала, - деді Басқарма.
Ахмет шал барлық баланың басынан сипады да, неміс балаға келіп:
- Мен осы баланы аламын. Баламның атын айт, - деп, қолынан ұстады.
- Зигфрид Вольфганг Вагнер. Айтып көріңіз атын, - деп күлді Дәуренбек.
Үйге келген соң тамақ ішіп, жылы төсекте ұйықтап қалған Зигфрид келесі күні Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
1.Абай Құнанбаев қазақтың ұлы ақыны,ойшылы, философы.
2.Әуелі арабша хат таныған Абай, орысша да сауатты болған.
3.Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды.
4.Абайдың табиғат лирикасын ұнатамын.
5.Ақын "Қыс" деген өлеңінде қыс мезгілін ақ сақалды,соқыр,мылқау деп жанды бейнеге теңейді.
6. Жалпы Абай өлеңдерінде ауыл тұрмысын бейнелеген.
7."Жазғытұры" өлеңінде жайлауға көшкен малшылардың жағдайын,көңіл-күйін суреттейді.
8. Абайдың ақын болуына әжесінің айтқан ертегі,әңгімелері көп әсер еткен.
9.Абайдың әжесінің аты-Зере.
10. Абай ән де жазған.
11.Ақынның "Көзімнің қарасы", "Айттым сәлем қаламқас" деген әндері бар.
12. Абай әндері халық арасына кең тараған.
13. Абайдың қырықтан астам қара сөзі бар.
14.Абайдың қара сөздері философиялық ойларға толы.
15. Абайдың руы -Тобықты.
16.Ақынның анасының аты-Ұлжан.
17. Абай Құнанбаев 1845жылы Семей облысында дүниеге келген.
18. Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жақсы білген.
19. Орыс ақыны И.Крыловтың "Есек пен бұлбұл" деген мысалын қазақ тіліне аударған.
20. Неміс ақыны Гётеден Абай "Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңін аударған.
Объяснение: