В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Урок541
Урок541
26.09.2022 15:21 •  Қазақ тiлi

Нағыз саяхатшы болу үшін қандай қабілет керек? ​

Показать ответ
Ответ:
милана695
милана695
09.06.2020 06:43

Саяхатшы болу үшін қандай қабілет керек?

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе,  ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – ең алдымен ұлан байтақ еліміздің ірі қалаларын аралау, себебі Қазақстанда көрікті жерлер жетерлік, одан кейінгі арманым – жер шарын аралау.

Дегенмен, саяхатшы болу бір қарағанда оңай мамандық көрінгенімен,  мүлдем олай емес. Алдымен саяхатшы болу үшін білімді болу керек, тек өз еліңнің ғана емес, басқа да мемлекеттердің салт – дәстүрін, мәдениетін біліп, сонымен қатар шет тілдерін де жетік меңгеру керек. Одан кейін денсаулығың мықты болып, түрлі қоршаған орта жағдайларына бейімделуге дайын төзімді болу керек. Себебі саяхат уақытында түрлі келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін.

Сонымен қатар, біліміңді жетілдіріп, саяхат жайлы белгілі саяхатшы – этнографтардың жұмыстарымен танысып, біліміңді жетілдіру керек. Мен қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың еңбектерін сүйсініп оқып, болашақта сол кісі секілді шығыстанушы ғалым болуды армандаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота