Мысалы жұрнақтар, т.б.
3. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар.
1-деңгей. Диалог мәтінінен түбір сөздерді теріп алып, жұрнақтар арқылы туынды сөз-
дер жасаңдар.
2-деңгей. Оқылым мәтінінің мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер жазыңдар.
3-деңгей. «Уақытты бағалай білеміз бе?» сұрағына «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жа-
уап жазыңдар.
1. Пікір. Өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен жазыңдар.
2. Дәлел. Өз пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
3. Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңдер.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңдар.
4. Ойдан түбір сөздер жазыңдар, сол сөздерден жұрнақ арқылы туынды сөздер жасап,
кестеге түсіріңдер. Осы сөздерден сөйлем құрастырыңдар.
Үлгі:
Түбір сөздер
Туынды сөздер
тіл
тіл+ші