«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін салыстырыңыз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
[7]
1-мәтін.
Спортқа жаны құмар Марат ұстазы Қанат Саматұлынан олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы сұрады.
– Ұстаз, Жақсылық ағамыздың 1981 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткені рас па?
– Әрине. Жақсылық Үшкемпіров қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы, оның есімін мақтанышпен айта аламыз.
– Керемет! Сонда неше жасында чемпион болып тұр? Мен білмейм екен.
– 1981 жылғы әлем чемпионатында барып, отыз жасында чемпион атанды. Ағамыздың табандылығын, күш-қайратын үлгі етуге болады.
– Кімдермен күш сынасқаны туралы айтасыз ба?
– Оған румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештерді жеңу оңайға түспеді. Өзінің шеберлігінің арқасында жеңіске жетті, сондықтан осындай ел мақтаныштарын ұмытпауымыз керек. Марат, сен өзің қосымша ізденіп оқысаң, ағаң туралы көп ақпарат аласың.
– Түсіндім, Қанат Саматұлы. Мен үшін тың ақпараттарды айтып, қызығушылығымды арттырдыңыз. Менің де Жақсылық аға сияқты ел мақтанышы болғым келеді. Өзім ізденіп оқимын. Рақмет. Сау болыңыз.
– Сау болыңыз. Сәттілік, болашақ чемпион.
2-мәтін.
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын. Ж.Үшкемпіров бар күш-жігерін Москвада өтетін олимпиадаға қатысуға жұмсады. 48 кг салмақта классикалық күрестен 4 адам кандидатурасының ішінен аз ғана арасалмақпен алға шыққан Жақсылықтың кандидатурасы өтті. Бұл қиын жарыста тек Ж.Үшкемпіров қана жеңетінін басшылыққа дәлелдеген жаттықтырушы Вадим Александрович Псарев болды. Олимпиаданың бірінші күнгі жеребе салу рәсімінің нәтижесінде Жақсылық бірінші айқасқа ең күшті әлемнің екі дүркін чемпионы румын шебері Александрумен түсетін болды. Бұл сәтте де оны қолдап, көңілін көтерген Валерий Ризанцев пен Вадим Александрович Псаревтар болды. Олимпиада күндері Ж.Үшкемпіров чемпиондыққа үміткер қарсыластары: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештерді шебер техникасымен, шапшаңдығы және төзімділігімен жеңіп шықты. Осылайшы қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы болды.
(https://alashainasy.kz, өңделген)
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыбы
Мазмұны
Тілдік қолданысы
Екі мәтіннің ұқсастығы
Екі мәтіннің айырмашылығы
2. Мәтіндерден 2 негізгі, 2 қосымша, 2 детальді ақпарат жазыңыз
Негізгі ақпарат
1.
2.
Қосымша ақпарат
1.
2.
Детальді ақпарат
1.
2.
Жазылым
3. Жазылым жұмысына берілген тақырыптың бірін таңдап, жанрлық-стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтап, құттықтау жазыңыз.
1. Бүгін қара шаңырақта ерекше қуаныш. Тұңғыш шөберенің атқа міну тойы. Ата-әжеңізге құттықтау тілегіңізді арнаңыз.
Ұлыстың ұлы күні болып есептелетін Наурыз мейрамымен шет елдегі қазақ бауырларымызға арнап құттықтау хатын жазыңыз
1. қазақ тілінде 7 септік бар. Олар атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес 2.сан есім деп заттын санын білдіретін сөздерді айтамыз. 3.сан есім сұрақтары қанша, неше, нешінші 4 есептік сан есім бір, екі, үш, төрт. ... т,б деген жай сандарды білдіреді. реттік сан есім бірінші, екінші, үшінші. т,б рет ретімен санауды білдіреді. 5. құрбы -подруга, характер -мінез, мнение - пікір, кадір тұту-уважение,уважать, жұбын жазбау - не разлучить, ответственность -жауапкершілік. нағыз -самый, лучший . 6. да, де,та,те 7. заттың қимылын,іс əрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. 8. күлме досыңа -келер басыңа 9. ілік септік жалғауы ның, нің, 10. етістік дегеніміз - заттың қимылын, іс əрекетін білдіретін сөздер.
БҮГІН МҰҒАЛІМ ОҚУШЫЛАРҒА ТАПСЫРМА БЕРДІ.КЕШЕ АНАМ МЕНІҢ ЕҢ СҮЙІКТІ КӘМПИТІМДІ КЕЛГЕН КІСІЛЕРГЕ АЛДЫ.ЕРТЕН БІЗДІҢ СЫНЫБЫМЫЗҒА ҮСТЕЛ ЖАСАУ КЕРЕК ЕКЕНДІГІН АЙТТЫ.МЕН ӨЗІМНІҢ ЖАЗУЫМА ҚАРАП РИЗА БОЛМАДЫМ.МЕН АУРУХАНАҒА БАРҒАН КЕЗІНДЕ ДОКТОР МАҒАН ДЕМАЛУ КЕРЕК ЕКЕНДІГІН АЙТТЫ.ЖАҢА ЖЫЛДА МЕН АТАМ СЫЙЛАҒАН СЫЙЛЫҒЫМДЫ АШАМ ДЕП ОЙЛАЙМЫН.МЕН МЕКТЕПТЕН КЕЛГЕЛІ ДЕМАЛМАЙ,КІШКЕНЕ ЖАТА ТҰРДЫМ. МЕН ТЕЛЕДИДАРДАН КЕШЕ КҮЛКІЛІ ПРОГРАММАНЫ КӨРГЕН КЕЗІНДЕ ӨТЕ ҚАТТЫ КҮЛДІМ.МЕН МАЛДАРҒА БЕРГЕН ЖЕМДІ ОЛАР ЗАМАТТА ЖЕП ҚОЙҒАН СИЯҚТЫ КӨРІНЕДІ.
2.сан есім деп заттын санын білдіретін сөздерді айтамыз.
3.сан есім сұрақтары қанша, неше, нешінші
4 есептік сан есім бір, екі, үш, төрт. ... т,б деген жай сандарды білдіреді. реттік сан есім бірінші, екінші, үшінші. т,б рет ретімен санауды білдіреді.
5. құрбы -подруга, характер -мінез, мнение - пікір, кадір тұту-уважение,уважать, жұбын жазбау - не разлучить, ответственность -жауапкершілік. нағыз -самый, лучший .
6. да, де,та,те
7. заттың қимылын,іс əрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
8. күлме досыңа -келер басыңа
9. ілік септік жалғауы ның, нің,
10. етістік дегеніміз - заттың қимылын, іс əрекетін білдіретін сөздер.