Мына заман қай заман? Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман.
Тарлығының белгісі:
Жақсы - жаннан түңілген,
Жаман малдан түңілген,
Мұның өзі – зар заман.
Зарлығының белгісі:
Бір-бірлерін күндеген,
жай-жайына жүрмеген,
Мұның өзі - тар заман...
: 8-тапсырма. Жоғарыда көрсетілген жыр жолдары мен хрестома-
тияда берілген Шортанбай толғауындағы оқиғаларға ғылыми деректер жинап,
достарыңмен бірге сынып бұрышына ғылыми деректер қорын құрастырыңдар.
Деректерді энциклопедиялар мен интернет қорын пайдалану арқылы жинауға
болады.