Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714 жылы қарулы күшпен басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс беріп бірнеше рет жеңді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін араб секілді шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі Түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап қайтадан Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.
Б. Ғафуров: «714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты жаулап алып, өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды,» —деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады. Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар болды.
Көрші халықтармен қарым-қатынастары — үйсіндер ерте замандағы Орталық Азиядағы этникалық-саяси бірлестіктердің бірі деп саналды. Үйсін мәдениетінің ескерткіштері ұлан-байтақ Жетісу, Ферғана (ішінара) аумағы- на және тегінде, Шығыс Түркістанның солтүстік бөлігіне де таралған. Б. з.б. ЫЫ ғасырда халқының саны 630 мың адам болған үйсіндер атты әскерлер мен жаяу садақшылардан тұратын көп әскер шығара алған. Гуньмо мен тақтың екі мұрагерінің жасағы әрқайсысында 10 мыңнан 30 мың атты әскерден тұратын. Б. з. б. 73 жылдың өзінде-ақ үйсіндердің жері үш бөлікке: сол жақ (шығыс), он жақ (батыс) және гуньмоның өзіне қарасты орталық бөліктерге бөлінді, бірақ олардың бәрі «Гуньмога жоғаргы дәрежеде тәуелді» болды. Оның ордасы Чананнан 8900 ли немесе Вынсудың (Ақсу) солтүстігінде 610 болатын, Іле өзенінің оңтүстік жағалауы арасында орналасқан Чигу қаласында болды.