Елбасының жарлығына сәйкес 1 наурыз күні біз жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.
Бұл мереке - Мәңгілік еліміздің ертеңіне деген нық сенімі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналды.
Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында елімізде өзара түсіністік пен ұлтаралық келісім қалыптасты.
Бұл күні еліміздің тұрғындары миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз. Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсету - еліміздің бағзыдан бері қалыптасқан қағидасы.
Бұл күні біз тәуелсіздік сыйлаған ата-бабаларымызды ризашылықпен еске алып, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, ардагерлерімізге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз.
Сәлем достар! Мен сіздерге маусым айында жазған жазбамды жариялауға бел будым. Сол кездегі ойым мен сезімімді жазған едім... Мен үшiн адам бойында кездесетiн ең керемет қасиет-қарапайымдылық! Бүгiн аялдамада құрбымды күтiп отырған едiм, сол жерге аула сыпырушылар тобы келдi. Бұрын сыртынан қарағанда сарғыш киімдерін ғана көзiм шалатын, қандай адамдар екенiне қызығып қарап көрмеппiн. Бүгiн сол адамдарға жақыннан қарадым! Мен отырған жерге келген аула сыпырушылар тобы бес адам екен. Үш әйел адам және екi ер адам. Ең жастауы қырық бес-елу жас шамасындағы әйел, қимылы ширақ. Ал қалған екi әйел адам алпыстың ар жақ, бер жағында болуы керек. Беттерiндегi ойдым-ойдым әжiмдерiнен өмiр жолдарында аз қиындық көрмегендiктерi көрiнiп тұр, саусақтары да ауыр еңбектен быртиып қалыпты, жел мен шаңнан қап-қара болып кеткен. Ендi ер адамдарға тоқталсам: бiрi қоқыс салатын тракторға ұқсас машинада отырды түрiн аңдай алмадым, екiншiсi алпыстардағы бiр аяғын сылтып басатын кiсi екен. Сол кiсiлердiң түр-сипаттарына қарап отыр едiм, бiр кезде қырық бес-елу жас аралығындағы әйел адам ақсап басатын ер адамға: "осы сыпырғыш саған ыңғайлы болады ғой" деп сыпыртқы әкеліп берді. Ана кiсi сыпырғышын қоқыс салғыш көлікте отырғанға көрсетiп қуанды, бәрi мәз-мейрам. Осындай кiп-кiшкентай сыпырғыш осынша бақыт сыйлайды деп ойламаппын, қызық! Неткен қарапайымдылық! Оларды қымбат көлiктер де, виллалар да қызықтырмайды, себебi олардың өздерiнiң қарапайым әлемi бардай көрiндi маған!
Алғыс айту күні - қасиетті де салтанатты күн.