В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
POLTIT1
POLTIT1
17.08.2020 14:24 •  Қазақ тiлi

Мне по каз яз эссе про компьютер ​

Показать ответ
Ответ:
pzuzuk
pzuzuk
05.09.2021 03:20

                                        Ғаламтор кітаптай бола алмайды

Қазіргі заман, адамдардың айтуы бойынша ең дамыған уақыт.Және де көп ғалымдар өздерінің ойлап тапқан техникалары мен мәз-мейрам болып жүр ,бірақ оның зияны бар екен ау дейтін адам жоқ.Біз қазіргі күні қарап тұрсақ көп ауырамыз , имунитетіміз әлсіз , неге олай деуіңіз мүмкін. Міне енді қараңыз , біздің ата-бабаларымыз бізге қарағанда дұрыс өмір сүрген. Себебі олар зиянды әрекеттен сақ болған , және ғұламалардың барлығы білім іздеп , кітапханаға барып кітап оқыған. Және дәл осы кітап пен болған білім , сол кезеңде оларды нағыз ғұлама қылып шығарған. Ал қазірше , адамдар ғаламторға телміріп білім іздейтін болды. Мен сіздерге айтайын , ғаламтор мен кітаптың жөні бір бөлек нәрсе. Мысалы сен кітаптан ізденсең , өзіңе керек нәрсені көп уақыт бойы іздеп табасың , ал ғаламторда , бір-екі рет интернет көмегіне айтсаң бәрін тауып береді. Ал енді қызыққа қараңыз , кітаптан ізденіп тапқан адам , ол нәрсені өмір бойы жадында сақтайды екен , ал ғаламтордан оңай тапқан адам , оны керек кезінде есіне сақтап , кейін біржолата ұмытады екен. Содан да болар біздің көп ғұлама ғалымдарымыз ежелгі заман адамдары. Себебі олар кітапқа үңілгенді жақсы көрген. Бізде неге олар сияқты , кітап бетін ашып оқымасқа , сонда біліміміз кеңейіп , оны жадымызда сақтап , керегімізге жаратар едік.Енді бір ойланып көру керек. Маған кітап пайдалы ма екен , әлде ғаламтор ма?! Жауап нақты , әрине кітап. Ғаламтор сенің  сенің тек уақытша қажетіңді өтейтін құрал ғана , ал кітап сенің өмірлік досың. Сол себепті біз ғаламтор мен ғана емес , кітаппен дос болсақ , біздің қазақ елі нұрланып , зиялы қауым болады деген үміттемін.

Объяснение:

МОЖНО В ЛУЧШИЙ ОТВЕТ???

0,0(0 оценок)
Ответ:
darya942
darya942
19.02.2022 21:44

Қоршаған ортаны қорғау

Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.

Табиғат экологиялык процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан аса сақтык жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерінің зардаптарын көре білу керек.

Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін корғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.

Табиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.

Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялык іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау кажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұракты, уақытша жолдарды да іске жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол берілмеуге тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және кешкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және баска да қажетті шараларды ойластыру керек. Іздеу жұмыстары аякталғанынан кейін шурфтарды және баска косымша казылған жерлерді калпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.

Табиғат ресурстары адамзаттың жасауы үшін табиғат қойнынан алып пайдаланатын түрлі заттар. Оларға: топырақ құнарлығы, өсімдіктер түрлері, су, кен, орман, көмір, мұнай, адамзат техникаларға энергия көзі болған түрлі жанатын заттар, жабайы өсімдік және жануарлар, адамзатқа қосымша қоректік болған т.б. кіреді. Солай етіп табиғи ресурстар адамзат қауымының материалдық базасын жарататын бір бүтін дене болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота