В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
abc71
abc71
19.12.2021 16:11 •  Қазақ тiлi

мезолит дәуіріне байланысты А.Зайберт В.Логвин Ю.Гиндиндердің екінші зерттеу жұмыстары басталған мерзім​

Показать ответ
Ответ:
Викуся084
Викуся084
05.05.2021 19:18
Төлеген Айбергенов Ана Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен. Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен, Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен. Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған, Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман. Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең, О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен! Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де, Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе? Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек, Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек. Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда. Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы, Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы. II Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе? Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен. Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап, Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ.. Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп, Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп… Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға. Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға. Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің, Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім. Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері, Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді. Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені, Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері. Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен, Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем. Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін, Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.
0,0(0 оценок)
Ответ:
136есеп23бет
136есеп23бет
27.08.2021 06:34

Самұрық - қазақ мифологиясындағы екі дүние арасындағы дәнекер болатын, қыран тәрізді алып құс [1]. Самұрық құсы әлемдік ағаштың (Бәйтерек) шыңында тұрады. Аңыз бойынша Самұрық өлгенімен, қайта тіріле алады.Өлгенде де, тірілгенде де от болып жанады [2]. Самұрық құсы адамша сөйлесіп, аңыздың негізгі кейіпкеріне өз рахметін айтады. Ұшқанда күннің бетін көлегейлей ынтымаққа бастайтын алып құс; қуаныштан шаттанып күлгенде аузынан будақ-будақ төгіліп аппақ гүлдер түсетін ғажайып құс; мұңая тұрып жылағанда жасаураған көзінен мөлді­реп моншақ-моншақ маржан төгiлетін ғаламат­қа бергісіз құс.

Қазақ даласында 80 миллион жыл бұрын өмір сүрген Самұрық құстың қаңқасы табылды. Ғалымдар алып­тығымен ерекшеленген құсқа «Samrukia nessovi» деген атау берді. Әзірге Ұлыбритания­ның Портсмут универси­тетінің профессоры, доктор Даррен биіктігі 2-3 метр­лік, салмағы 50 келіден асатын, қанатының ұзындығы 8 метрге жететін айрықша құс деп өзіндік жорамал ұсынды [3].

«Samrukia nessovi» қаңқасы Азияда бірін­ші рет табылып отыр, мұндай жағдай әлемде екінші екен, өйткені, 1995 жылы француз жерінен кездескен дәл осы Бор дәуіріне жататын құс омыртқасының сүйегі ғылыми-көп­шілік басылымдарда талқыға түскен. Енді ұлы дала төсінен табылған Самұрық құстың жұм­бақтау қаңқасы ғылым үшін берер өзгеше жаңалығымен ерекшеленеді дер едік.

Адмирал Этьен де Флакур 1658 жылы «Үл­кен Мадагаскар аралының тарихы» кіта­бын шығарды, онда қияндағы бір түкпірде ұзақ уақыт болған кезеңде байқағаны мен аңғарған­дарын қағазға түсірген. Оқып таныс­қан кісілер көптеген дәйектер адам сенбейтін қиял-ғажа­йып оқиға секілді таңырқай қарап, сенімсіздеу, саяхатшының ойдан қосқан мысалдары ретінде қабылдады. Негізінде бұл жазбалардың нақты шындығы бір ғасыр өт­кенде ғана анықталып жатты. Орман ішінде кездестіретін құс туралы Флакур былай деп жазды: «Вургатра – Ампатрада өмір сүретін үлкен құс, оның жұмырт­қалары страустікіне ұқсас келеді, далалы өңір­ден де кездестіруге болады…».

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота