Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып: - Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті. Арыстан оның сөзіне күліп: - Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті. Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты. Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап: - Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға: - Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.
ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:
- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.
Арыстан оның сөзіне күліп:
- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.
Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:
- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.