Менің туған ауылымның табиғаты өте керемет. Кешкі уақыты одан да ерекше. Таза ауа. Шуылдаған ауыл кеші. Мен ауылыма жиі барып тұрамын. Ауылымда түрлі жеміс-жидектер өседі. Одан бөлек атамның отырғызған алма ағаштары да жайқалып өседі. Ауылға барғанда мен атам мен апама көмектесемін. Гүлдерге су құю, сиырларға шөп беру менің сүйікті істерімнің бірі. Ауылым- алтын бесігім.