Мен - оте ашык адаммын. Сондыктан да менiн достарым оте кел. Алайда, сол достарымнын iшiнде озiме ен жакын, киыншылыкта жубатып, кол ушын берiп, куанышты кезендерде озiммен бiрге куанатын досым - (имя друга). Мен оны сыйлаймын, жаксы коремiн. Екеумiз бала шагымыздан-ак дос болып, казiргi дейiн айырылмас жолдастармыз. Бiр-бiрiмiздi созсiз-ак тусiнемiз. Киын кезендерде бiр-бiрiмiзге комектесiп журемiз. Ол - менiн жан досым. Надеюсь разберетесь, где должны стоять казахские буквы, а где русские. Ибо моя клавиатура не имеет казахского алфавита.
Сарказм – иронияның ұлғайған түрі. Мұның да негізгі мазмұны
– өмір құбылысының кейбір жағын мысқылдау, шенеу. Айырмасы, иронияда бір нәрсені
шенемек, мінемек, кекемек болса, ішкі мазмұны кекесін болғанмен, сөз, сөйлемнің құрылысы
мақтаған тәрізденіп, бүркемеленеді десек, сарказмда соңғы бүркемелеу жоқ,
шенейін, мысқылдайын дегенін ашықтан-ашық шенейді. Сарказм - иронияға қарағанда анағұрлым өткір, анағұрлым улы.
Бұл екеуінің арасы жақын екендігін
Шернияздың мына өлеңінен көруге болады. Баймағамбет Шерниязға ханымын мақта
дегенде:
«Ханымның келбетінің келгенін-ай,
Сипаты бейне жұмақ үрдің қызы», -деп ирониялық түрде мазақтаса, жаманда дегенде:
«Байеке, заманыңда тасуын-ай,
Шеріңнің сөйлер сөзге асуын-ай.
Ханымның бойы аласа, мұрны қайқы,
Тап мінген мегежіннің қашырындай», -
-деп сарказммен ханымды келеке етеді.
Дулат Бабатайұлының шығармаларында да сарказм көптеп кездеседі.Мысалы:
«Жатып ішер жалмауыз,
Борсық тұмсық қанды ауыз...»
«Кеңесбай азғын тұрған соң,
Тістеуік айғыр сықылды,
Үйіріңді сұйылтып,
Тай, құнанды қуғансың,
Ел билерлік ісің жоқ,
Дегдар емес, будансың.
Ырысын параның,
Қотара құйса тоймайтын,
Ашылған әбден араның,
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен
Қақалмай бір-ақ толғайтын...»