Менің есімім - Жасқайрат. Мен төртінші сыныпта
оқимын. Арманым көп. Соның бірі - астроном болу. Аспан
әлемін зерттегім келеді. Меніңше, астроном-ғалым болу
менің қолымнан келеді. Ең бастысы өз мамандығыңды сүю
керек деп ойлаймын.
Жерден ғарышқа дейін қанша шақырым бар? Сол
алыстағы әлемді өз көзіммен көргім келеді. Әрине, телес-
коппен көру бір басқа, көзіңмен көру мүлдем өзге әсер қал-
дырады ғой. «Жер ғаламшарынан өзге де ғаламшарлар-
да тіршілік болуы мүмкін бе?» - деген сұрақ мені ойлан-
дырады.
Жасқайрат нешінші сыныпта оқиды?
Касқаладым кардани сал келина околад
Ол нені армандайды?
Ou cotlang diri acmpatuan dange
Жасқайратты қандай сұрақ ойландырады?
Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге.Бұл орайда жерлес ғұлама ғалымымыз Қаныш Сәтбаевтің: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» деген жан тебіренісі еріксіз ойға оралады. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына немқұрайлы қарамай, қоршаған ортаның тазалығына атсалысуы тиіс. Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Бірінші жолы -түрлі заңдар шығарып, оны жүзеге асыру. Ұлттық пакртер, қорықтар санын молайту. Әрі «Қызыл кітапқа» енген өсімдік, жануар түрлерін қорғап, көбейту. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану. «Жасыл ел» ұйымының жұмысын нығайту, жандандыру.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, а үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. А Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
1.Биоалуантүрлілік - тірі организмдердің барлық көздерден, соның ішінде, құрлықтағы, теңіздегі және басқа су экожүйелері мен олар қатысатын экологиялық кешендерді қоса алғанда өзгергіштігі.
2.Тұрақты экожүйелер үшін маңызды әрбір түрдің ерекше рөлі бар, сондай-ақ, түрлердің әралуандығы өзгерістен қорғануға көмектеседі.
3.Біріншіден, барлық тағамдарымыз, көптеген дәрілер мен материалдар тірі ағзалардан алынады. Биоалуандылықтың қысқаруынан болашақ қорларымызға қауіп төнеді.
Екіншіден, бір биологиялық түрдің жойылуы өзге бір түрдің жойылуына әкеледі. Әралуан түрлер өсімдіктерді тозаңдау, суды тазалау, топырақты қалпына келтіру, жерді эррозиядан қорғау және атмосфераны тазарту қызметтерін атқарады. Биоалуандылықтың қысқаруы экожүйе мен бүкіл қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
4.Себебі, біріншіден экожүйемізді сақтау үшін, екіншіден өзіміз тірі қалу үшін.