Мектеп – өмірде қандай тұлға болатыныңызды айқындайтын өткел. Мектеп қабырғасында жүріп қалыптасқан әдет-дағды бүкіл өмірге себепкер болады. Мысалы, күнделікті үнемі толтырып отыратын оқушы мұны міндет деп түсенеді, ал күнделік – күнделікті орындалатын үй тапсырмасы жазылатын «құжат». Өмірде де сондай дағдымен жүреді: ертеңгі күнгі жасайтын істерін қағаз бетіне түртіп отырады. Осы қасиетімен өзгелерге үлгі бола алады. Үлгілі болу үшін үй тапсырмасын дайындап, сабақта белсенді болып, байқау, шараларға қатысу аздық етеді.
Сонымен, тағы қалай «үлгілі» атануға болады?
Қауесетке ермеңіз. Адамды жолдан тайдыратын бір нәрсе – қауесет. Көптің айтқанына еріп, қоңырауда сыныптастармен бір үстелге жинала кетіп, біреуді жамандаудан аулақ болыңыз. Біріншіден, құмға сіңген уақыт: уақытыңызды текке жоғалтасыз. Екіншіден, біреуді жамандағаннан пайда таппайсыз. Біреуді сынау, оны ұнатпау – тәкаппарлықтың белгісі. Сіз өз бауырыңызды өзгелерге жамандамайсыз ғой. Сол үшін де сыныптасыңызды өзгелерге жаман қырынан танытпаңыз.