В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
Maximus20000
Maximus20000
10.01.2021 14:10 •  Қазақ тiлi

《мектептің берерi мол сiз бен бiзге》атты шағын шығарма жазыңдар. сочинение (10 предложений) заранее

Показать ответ
Ответ:
romankostin2006
romankostin2006
10.08.2020 17:01

Адамға мектеп ең алдымен болашағына қажет білімнің іргетасын қалауы үшін керек. Қазіргі заманауи мектептерде барлық білімді дайын күйінде бере салмайды, сонымен бірге өзіндік жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады: әртүрлі дереккөздерінен ақпараттарды іздеу және олармен жұмыс жасау, алынған мәліметті жүйеге келтіру, алынған білімді қорыту арқылы тәжірибеде қолдану. Соңғы жылдары мектептің құрылымы мен жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілуде: мұғалімдер сабақ жоспарын қайтадан дайындауда, білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолданып сабақ өткізуде. Оқушылар көптеген шығармашылық, тәжірибелік, жобалық тапсырмаларды орындауда. Оқушылардың көп бөлігі зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми-практикалық конференцияларға, интеллектуальды конкурстармен олимпиадаларға қатысуда. Мұның барлығы баланың жаңа заман көшіне ілесе алатын, сауатты адам болуына көмектеседі. Және бұл мағынасында мектеп керек, мектептің берері мол. Дегенменде оқу ордасы — тек білім алатын жер емес, ол әлеуметтік-қоғамдық даму ортасы. Ол қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады, адамдармен еркін тіл табысуға үйретеді. Мектепте баланың өзін жан-жақтан сынап көруіне мүмкіндіктер жасалған. Сондықтанда мектепті шағын ғана сынақ ортасы десекте артық емес. Мектептерде балаларға арналған қоғамдық ұйымдар жұмыс жасайды. Ол жерде бала өзінің барлық талантын көрсету арқылы, өзін таба алады.  Мектеп бұл — жаңа достар табатын жер, мұғалімдердің тәрбиесін, ақыл-кеңестерін тыңдайтын орта, баланың қалыптасу деңгейіне әсер ететін білім ордасы. Қазіргі кезде технология дамып жатқан заманда мектептің де дами беретіні белгілі. Сондықтанда қазіргі мектептердің көп бөлігі жаңа технологиялармен жарақтандырылған. Мектептің баланың ақыл-ой,дене еңбегін дамытуға берер көмегі өте мол.

Мектеп туралы қызықты фактілер

1.  15 жасында Билл Гейтс өзі білім алған мектеп әкімшілігінен оқушыларды сыныптарға бөлетін бағдарлама жасау туралы тапсырма алады. Билл Гейтс берілген тапсырманы артығымен орындады. Ол өзінің сыныбына ең әдемі қыздарды бағдарлама көмегімен жинап алған.

2. Көптеген дереккөздерінде нашар оқитындардың еңсесін көтеру мақсатында болуы керек Эйнштейннің математика пәнінен құлап қалғаны және оның барлық сабақтан көрсеткіштері төмен болғандығы туралы айтылады. Негізі бұл ақпарат қате. Альберт Эйнштейн кішкентай кезінен бастап математикаға жүйрік болған және оны мектепте оқып жүргендерден кем білмеген. Кейінірек Эйнштейн Цюрих атындағы Швейцария жоғары политехникалық мектебіне түсу кезінде математика мен физика пәндерінен жоғары көрсеткіш көрсетіп, қалған пәндерден қажет жинай алмаған. Сол пәндердегі үлгерімін көтеріп, 1 жылдан кейін 17 жасында ол сол мектептің студенті атанған.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота