В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
kutluyulova04
kutluyulova04
08.05.2022 16:22 •  Қазақ тiлi

Мектеп киіміне қандай улгі ұсынар едің? киімінің түсі үлгісі матасы қандай болады?

Показать ответ
Ответ:
lizniki82
lizniki82
07.10.2020 16:08

Облыстық білім басқармасы оқушылардың барлығына бірдей мектеп формасын киюді міндеттеп жатыр. Бұл жөнінде қойылатын  талапты күшейте түсу туралы мектеп басшыларына тапсырма берілген. Соған байланысты, кейбір мектептердің жарғыларына өзгерістер енгізіліпті. Ережеге сәйкес, енді оқушылар ғана емес, мұғалімдер де біркелкі киім киюі тиіс. Сонымен қатар колледж оқушылары да білім беру мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне сай киінуге көшіп жатыр. Қазір колледж бен мектепке хиджаб киіп келетін оқушылардың саны күрт кеміген. Біз осы және мектеп формасына қатысты қолға алынып жатқан басқа да  шаралар туралы облыстық білім басқармасының бастығы Айгүл Арынғазиевамен  тілдескен едік.

— Оқушыларға мектеп формасын киюді міндеттеу, олардың хиджаб киюлеріне тыйым салу емес. Осыны ата-аналар дұрыс түсінгені жөн. Жастардың имандылыққа бет бұрғандары, әрине, дұрыс. Бірақ мектеп —  мешіт емес, білім шаңырағы. Сондықтан, оқушы мектепте ішкі тәртіпке бағынуы тиіс. Бүгін «мұсылманбыз» деп кейбір қыз балалар хиджаб киді, ал ертең өзге діндегілер өз сенімдері бойынша киініп келулері мүмкін. Сонда мектеп әр түрлі діндердің орталығына айнала ма? Міне, сондықтан, мектептің Жарғысымен бекітілген ережелерді оқушы да, мұғалім де, ата-ана да орындауға міндетті, — дейді Айгүл Аманғазықызы. Ол мұндай талаптың мұғалімдерге де қойылып отырғандығын айтады. Олар да біркелкі киінеді екен. Сондай-ақ бұл талап колледж оқушыларына да қойылып отыр.

Білім басқармасының бастығы талапты күшейту мақсатында кейбір мектептердің ережелеріне өзгерістер енгізілгендігі жөнінде былай дейді:

— Мысалы, Темір ауданында білім беру мекемелерінің жарғыларына және ішкі тәртіп ережелеріне мектеп формасын сақтау туралы тармақ енгізілді. Сонымен қатар, педагог қызметкерлердің іскерлік киім үлгісін ұстану туралы толықтыру бар. Тәртіпке мойынсұнбағандарға  сол білім мекемесінің ішкі ережесінде көрсетілген шаралар қолданылады.

Айгүл Арынғазиеваның айтуынша, облыс мектептерінде діни ахуалды жақсарту жөнінде жаңа оқу жылына жұмыс жоспары құрылған. Соған байланысты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылыпты. Соның бір парасы — ата-аналар жиналыстары. Онда «Отбасындағы рухани ізгілендіру тәрбиесі», «Зиянды заттардан ертең емес, бүгін құтылған жөн» тақырыптарында баяндамалар тыңдалған. Сондай-ақ, мектептерде «Дін және мектеп», «Діни фанатизм» тақырыбында дөңгелек үстел, «Діннің адамға ықпалы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілуде. Сонымен қатар, облыстағы барлық мектептер мен колледждерде  дәстүрлі емес діни ағымдардың арты неге соқтыратынын жастарға түсіндіру мақсатында «Адасқандар» деректі фильмі көрсетіліп жатыр. Фильмде «Терроризм» бабы бойынша істі болған ақтөбелік Еркін Досқалиев туралы баяндалған.

— Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, Байғанин ауданындағы Байғанин орта мектебінің хиджаб киетін 2 оқушысы сабаққа мектеп формасымен келетін болды. Дегенмен, барлық жерде жағдай осылай түсіністікпен шешілген жоқ. Мысалы, қыркүйек айының басында Темір ауданындағы білім беру мекемелерінде мектеп формасын сақтамай, діни бағыттағы киім киген оқушылар біраз болды. Кейбір ата-аналар мектеп басшылығының айтқан талаптарына қарсылық білдірді. 10 оқушының ата-анасы облыс әкімінің блогына балаларының мектепке хиджаб киіп баруы туралы өтініш жазды.  Біз өтініш иелеріне мектеп киім үлгісі туралы Жарғы бар екендігін және мектептің ішкі ережесін түсіндіріп айтқанбыз. Сол бекітілген ережені оқушы орындауға міндетті. Бірақ, бастапқыда 7 оқушының ата-анасы мектеп формасын сақтауға келісім бермеді. Сөйтіп, балаларын мектепке жібермеген болатын. Соңғы мәлімет бойынша, ата-аналар райынан қайтыпты. Балалар мектепке ақ кофта, тізеден төмен қара юбка киіп, бастарына орамал тағып келіп жүр, — дейді Айгүл Аманғазықызы.  Оның айтуынша, жыл сайын хиджаб киетін оқушылардың саны азайып келе жатыр.

— Өткен оқу жылында колледждер мен мектептерде хиджаб киетін оқушылар 400-ден асатын. Биылғы оқу жылындағы түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде олардың саны айтарлықтай азайды: 200-ден астам оқушы хиджаб киіп жүр. Меніңше, ата-аналардың 3, 4-сыныпта оқитын қыздарының басына орамал тағып қоюы дұрыс емес. Ол әлі бала ғой. Өзіндік пікірі қалыптасқан жоқ. Бала зардап шекпеуі үшін ата-аналар балаларын өздерінің ұстанымына мәжбүрлемеуі тиіс, — дейді басқарма бастығы.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота