Қонақжай халық. Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды құрметпен қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге қонақ бола береді. Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақ күту – қазақтың ең жауапты ісі. Келген қонақты риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға сусын ұсынылады. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйші, өнерлі адамдарды шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Халқымызда «қырықтың бірі қыдыр» деген сөз бар. бұл сөздің мағынасы өте терең. Ата-бабаларымыз «қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс, қашып кетеді» деп ырымдаған.
: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.