Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!
Әрбір мамандықтың өзіндік ерекшелігі, халыққа тиер пайдасы бар. Біреу мұғалім болуды қаласа, екіншісі дәрігер болуды ақрайды. Ал мен келешекте мамандығым бойынша экономист болуды аңсаймын. Бұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, қарқынды дамып келе жатқан еліміздің экономикалық жағдайының тұрақтылығын сақтап қалу үшін бұл мамандық әрдайым актуальды болып табылады. Қазіргі таңда еліміздің ең қажет ететіні туризмді дамыту болып келеді. Ол үшін, ең алдымен, даламыздың инфрақұрылымын дамытып, жарнама арқылы шетелдіктердің назарын жерімзге аударуымыз керек. Құдайға үшкір, мұның бәрін іске асыру үшін Үкімет тарапынан жағдай жасалынып жатыр. Біздің жастарымыз шетелде, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқып, сапалы білім алуға мүмкіндіктері келіп тұр. Соның барысында бұл мамандықты жан-жақты зерттеп, бұл саланың дамуына өзіндік үлес қосуға болады.
Бала тәрбиесі - бесіктен.