В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
OneDirection2412
OneDirection2412
13.04.2021 23:31 •  Қазақ тiлi

Магынасы жуык жане карама карсы создер

Показать ответ
Ответ:
Darksholnic
Darksholnic
08.09.2020 13:57

Мағынасы жуық сөздер

Мағынасы жуық сөздер синонимдер деп аталады.

Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.

• Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:

1. мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);

2. стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);

3. сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).

• Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:

1. мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;

2. бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;

3. мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;

4. Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.

5. Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;

6. Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.

Антонимдер - мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Мысалы: айбынды-қорқақ; батыр – сужүрек; күшті - әлсіз; қос - бөлек/біреу; солғын – балғын; бірлік – алауыздық.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота