В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
макс2857
макс2857
08.09.2020 08:38 •  Қазақ тiлi

Ма. Видеофильмде қандай таулар туралы айтылған? 3-тапсырма. Суреттер орнына сөздерді жаз. Вставьте вместо картинок
нужные слова.
I
алыстаған сайын асқақтайды.​

Показать ответ
Ответ:
Финн2014
Финн2014
28.02.2023 23:43
Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу.
Уақыт – менің өмірім. Мен уақыттан, ол менен ажырай алмаймыз. Ширек ғасырға жетпейтін жиырма жылдық өмірімді уақыт таразысына салып қарасам, ол мені біраз есейтіпті. Бір түйгенім: уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысының төрелігін өзі беріп, емін де өзі жасайды. Біздің қолымыздан бәрі келеді. Біз біраз нәрсені жасап өзгерте аламыз. Тек уақытты емес. Біз уақытқа ешқашан әсер ете алмаймыз.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Аккаунт удален
Аккаунт удален
01.11.2021 02:09

Ұйықтар алдында бөлмеме келген балам:

- Әке, мына жазған шығармамды оқып, қате жері болса дұрыстап беріңізші-деп қолыма бір дәптерді ұстатты. Онда бұлай жызылыпты:

Апай бүгін бізге "Мен өскенде кім боламын?"-деген тақырыпта шағын шығарма жазып келуімізді тапсырды. Мен мектептен шығып үйге келгенше не жазу керектігімді ойланып келдім.

- Мен өскенде кім боламын? - қандай қызық сұрақ еді, маған салса бір емес, бірнеше мамандықтың иесі болғым келеді. Дәрігер болғым келеді, әсіресе кардиолог. Себебі әжемнің жүрегі ауыратындықтан үнемі кардиолог дәрігер туралы үйде, дастархан басында жиі айтылады. Шіркін кардиолог болсам ғой әжемнен ақша алмай-ақ емдеп жазар едім. Сонда әжем алатын азғантай зейнетақысы өзінде қалар еді. Ал әкемнің жағдайын ойласам, бастық болғым келеді. Өйткені, әкем жұмыс басты, соның өзінде демалыс немесе мереке күндері бастығының бұйыруымен жұмыстан тыс қимылдарға тартылады. Содан бізді ойнатып шығуға уақыты болмай қалады. Егер бастық болсам, әкемді жұмсағыш бастықтың өзін жұмсар едім. Ал анамды ойласам дүкендегі сатушы болғым келеді. Оның себебі, анам демалыс күндері қала сыртындағы базарға азық-түлік, көкөніссатып алуға кетеді. Содан шаршап келіп, үй жұмысына кіріседі, бізбен бірге ойнауға мүлде зауқы болмайды. Біз одан:

- Ана, бұл заттар үй қасындағы дүкендерде де бар емес пе, несіне ұзаққа барып, қап арқалап босқа шаршап жүрсіз-дейтінбіз. Маңдайы тершіп, екі иығынан дем алып отырған анам бізді бауырына басып, жүзі күлімсіреп:

- Ол жақта арзан, бұл жерде қымбат. Ақшаны үнемдеп жұмсау да, жұмыс істеп ақша табудан кем емес -дейтін.

Үйге келген соң да ойландым. Шіркін бір адам үш түрлі мамандық иесі болуға мүмкіндік болар ма екен ? Болса, мен осы үш түрлі жұмыстың бәрінде істер едім.

Баламның жазған шығармасы осы, оқып шықтым. Қасымда не дер екен деп, демін ішіне тартып, тұрған баламды бауырыма басып, маңдайынан иіскеп, ризашылық білдірдім де:

- Балам шығармаң жақсы екен. Маған өте ұнады. Бірақ, менің ойымша бала өскенде ең алдымен Қазақ болуы керек. Содан соң жаны қалаған бір немесе бірнеше кәсіпті игерсе нұр үстіне нұр болары хақ -дедім.

- Сонда қалай - деді балам, маған қарап. Қазақ болып туылған бала қазақ болып өседі ғой онсызда-деді сұраулы жүзбен.

- Жоқ дедім мен, қазақ отбасында туылғанның, қазақша ат пен затқа ие болып жүргеннің бәрі бірдей қазақ болып ержетпейді. Қазақ болып өспеген соң, халқына тиер қайыры да болмайды. Себебі, қазақ болу дегеніміз - түр мен пішіннің ұқсастығы емес, тіл мен ділдің, дін мен мәдениеттің, ойлау мен істің, арман мен мүденің, тұрмыс пен танымның тұтастықта болу дегендік . Мен осыны айттым да, соңғы кезде жазған "Ұлт моласы"-деген өлеңімді оқып бердім.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота