Ма. Сер/
герлік бұйымда
МӘТІНМЕН ЖИЛ
ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
еrін сал. Сурет
ойып, серігіңе та
gaaтe chұрмет
5 ете қуаны
сарын қолданы
нер Ұлы дала
ді. Зергерлер
дін бұйымдарға
Сырға тіл-көзден
МАЙТЫЛЫМ
ырма. Жұпты
обеліктерді ок
ерекшеліктер
алктер
-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы.
Зергерлік өнер – қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер у
елінің сән-салтанатын, байлығын, биік талғамын көрсетеді. Зер.
көбінесе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасайды. Сәндік буй
білезік, сақина, жүзік, сырға жатады.
Сырға - құлаққа тағатын сәндік зергерлік бұйым. «Сырға тіл
сақтайды» деген түсінік бар. Құлаққа сырға таққанда: «Құлағың ау
сын, жаман сөз естіме, ажарлы бол!» - деп тілек айтқан.
Білезік - ертеден келе жатқан білекке тағатын сәндік бұйым
бала 3-4 жасқа келген кезде ата-анасы білезік соқтырған. Білезікті
қолға, кейде бір қолға тағады. Кейде бір қолға екі білезік тағады. Әus
бұйымдарды «Қыз бала сән-салтанатта өссін!» деген оймен алтын-күміс
соқтырған. Білезік бергенде: «Қолың өнерлі болсын!» - деп тілек айта
Сәндік бұйымдар оюмен әшекейленген.
Жүзік - қыздар мен әйелдердің саусағына тағылатын зергерлік буй
Зергерлер жүзікті асыл тастармен безендіріп, ою-өрнекпен әшекейлеген
Зергерлік бұйымдар қазақ өнері мен мәдениетін паш етеді.
4-000ліктер
Қазақстанның көрікті жерлері.
Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.
Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.
Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.
Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған.
Атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Олар туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?
Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды.
Хаттың авторлары:
жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985),
Қазақ мемлекеттік ба меңгерушісі Мансұр Ғатаулин,
Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков,
Алматы Комвуз проректорының орынбасары Мұташ Дәулетқалиев,
Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.
Дегенмен, жазуша Ғабит Мүсірепов және Мұташ Дәулетқалиев жайлы бірер деректер болмаса, қалған кісілер туралы деректер тапшы. Мұташ Дәлетқалиев Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келген, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітірген, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарған. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен.