Мәтіннен жанрга сай тілдік ерекшеліктеріне 3 дәлел келтіріңіз. Текст
Оқылым Атом станциялары құрылысы жөнінен ең қымбат нысан болып есептеледі . Атом электр станцияларының қызмет ету мерзімі орташа есеппен қырық жылға тең . Оны салуға жұмсалатын қаржыдан бөлек , шикізат байытылған уран мен мерзімі өткеннен кейін пайдаланудан шығаруға кететін қаржы да ұшан - теңіз . АЭС жанында өмір сүретін адамдардың арасында лейкамия ( ақ қан ) , ісік ауруы жиі кездеседі деген жалған түсінік бар . Бұл аурумен Жердің кез келген нүктелерінде адамдар шамамен бірдей деңгейде ауырады . Ол АЭС - тің жаны болсын , табиғаты сұлу аймақ болсын , статистика бойынша бәрі бірдей . Көпшілігіміз оқығандай не теледидардан көргендей , біз жел мен толқын энергиясын экологиялық жағынан ең тазалары деп білеміз , бірақ бұл да – даулы сұрақ . Өйткені көбіне жел станциялары су қоймалардың жанына салынғандықтан , ол аймақтың экологиялық балансын едәуір бұзады . Олардың саны көп болған сайын табиғатқа келетін шығын да арта түседі . Ал АЭС - тің бір өзі өндіретін энергия көлеміне тең энергияны өндіру үшін жүздеген жел станциялары қажет болады екен . Кейбіреулер АЭС - қа отын ретінде пайдаланылатын уран жақын болашақта сарқылады дегенді айтады . Бұл – түбегейлі қате пікір . Себебі уранның Жердегі мөлшері алтыннан 600 есе көп . Бұл шамамен 500 жылдық қор деген сөз . Ол біткен күннің өзінде ғалымдар торий элементін химиялық өңдеуден өткізіп , одан оп - оңай уран ала алады . Ал торийдің коры ураннан үш есеге дейін мол екенін айта кетейік . Атом энергиясының бағасы жөнінде көпшілік арасында әртүрлі ой бар . Бұл энергияның 10 пайызын ғана уранның бағасы құрайды . Оған әлемдік нарықтағы қойылған баға да мұнай мен газға қарағанда әлдеқайда тұрақты . ( 224 сөз )
ответ:кт
Объяснение:
кто сделал