Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазып, дыбыстық талдау жасаңдар. Дара жалқы есімдер мен күрделі жалқы есімдердің айырмашылығы мен ұқсастығын Венн диаграммасы арқылы анықтаңдар. дара күрделі жалқы есім
Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ.
Біз уақытқа тәуелдіміз. Бірақ тәуелді бола тұра өзіміздің міндеттерімізді алға тартамыз. Уақыт жетпейтінін біле тұрып уақытты босқа өткіземіз.Уақыттың жауы-еріншектік. Дүниеге уақыт және өмір көзқарасы бойынша талдау жасап, адамдарда болатын уақыт танымының күшті-әлсіздігіне негізделе отырып, адамдарды үлкен жақтан ең әуелі уақытты қадірлейтіндер және уақытты қадірлемейтіндер деп екі үлкен топқа жіктеуге болады. Бірінші, уақытты қадірлейтіндер. Мұндай адамдар уақытпен жарысады. Оларда мейлі қандай іске болмасын алдын-ала дайындаған айқын мақсаты мен нысанасы, соған жету үшін белгілеген жоба-жоспары, соған сай өзіне қойған қатаң талабы, берік ирадасы болады. Олар күн мен сағатты былай қойып, минут не секундты санап, соған сай іс тындыруға құлшынады.Екінші, уақытты қадірлемейтіндер. Мұндай адамдар өз өмір кешірмесіне қарата алдын-ала айқын мақсат-нысана, жоба-жоспар, талап-тілек қоя білмейді. Бұлардың көбі дүрмекке ілескіш болып, артық ұйқы, яғни орынсыз күлкімен тозады, не болмаса екі қолын алдына сыйғыза алмай өмірін жалығумен, зерігумен, өзін алдаумен өткізеді.
Уақыт – менің өмірім. Мен уақыттан, ол менен ажырай алмаймыз. Ширек ғасырға жетпейтін жиырма жылдық өмірімді уақыт таразысына салып қарасам, ол мені біраз есейтіпті. Бір түйгенім: уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысының төрелігін өзі беріп, емін де өзі жасайды. Біздің қолымыздан бәрі келеді. Біз біраз нәрсені жасап өзгерте аламыз. Тек уақытты емес. Біз уақытқа ешқашан әсер ете алмаймыз.
ІІ
Бір көргенге Ұлытау өңірі сұрықсыз өлке – сусыз-нусыз
құба жон, өсімдіктен де жылан жалағандай тұлдыр. Сол себепті
оны күзден гөрі көктемде көру оңды. Көктемде бұл өңір адам
танығысыз шырайға еніп құлпырып ке
теді: көз жеткісіз кең
жазық қызыл ала орамал жамылғандай боп жайқалған гүлге то-
лады; шоқ өскен көкпек жыңғылын ту алыс тан қарауытқан орман
дерсің; шайыр мен қырмызы, баялыш қаулаған алқаптар көрмеге
қойылған кілемдей; боз да бұл шақта тұтаса көгеріп, айрықша
көріктеніп тұрады; ал сай-салаға жамырай шыққан жауқазын мен
алқызыл қызғалдақтар ше?! Тіпті қараған, тобылғы, тікенекті
бұта бастарына де й ін сәукеле киген қыздардай аппақ гүлден алқа
тағып, жасанып алады. Өлкеге тұс-тұстан құлаған өзендер де мей-
лінше ағынды. Мың сан бұлақтар бір-біріне қосылып, ағыл-тегіл
сарылдап еңіске қарай жөң кіліп жатады.
Амал не, бұл дәурен ұзаққа созылмайды. Он иә жиырма күн,
асса бір ай. Іле-шала Бетпақтың шөлі мен Жетіқоңыр құмынан иә
Мойынқұм, Қарақұм жағынан үдемелеп соққан ыстық аңызақ бас-
талады. Қуаң даланың соры осы. Гүл жарып, енді-енді бой сала
бастаған тырбық өсімдіктердің өсуі тежеледі. Ақырында өңірдің
құлпырған келбеті сағымдай бұлдырап, бірте-бірте құлдырап,
біржола өлеусірейді.
Ұлытаудың жазы да сорақы: өрт шалғандай қап-қара болып
күйіп жатқан тақыр да ла; әуе айналып жерге түскендей аптап
ыс тық; болар-болмас жел соқса, оның арты құм боранға айнала-
ды... Жаз ғы тұрымғы өзендер тартылып қалған, кеше ға на сылды-
рап жатқан бұлақтар да құрдымға айналған. Жиде өсетін саздақ
ойпаңдар ғана жасыл реңін өзгертпей, жалпақ өлкенің әр жерінде
арал сияқтанып желкілдеп тұрады. Осы ғана көңілге уаныш…
160
Медеу СӘРСЕКЕ
Екі жарым айға созылған төр жайлаудағы рахат демалыстың
соңында Қаныш салт атпен Семейге жетіп, одан Сібір темір
жолының бірнеше бекетінде пойыз ауыстырып, қыркүйектің орта
шенінде Қызылордаға келген. Қазақ АКСР Халық ша р уашылы-
ғы кеңесінің басшылары оған өлке өндірі сіне жөн-жоба нұсқай-
тын бас маман мансабын ұсынады. Жас маман одан үзілді-ке сілді
бас тартады. Айтқан желеуі – геолог кә сібін игеру!.. Сөйткен-
дегі таңдауы – Ұлытау жонында өндіріс ашқан Атбасар түсті ме-
талдар тре сі. Тек қолайсыз жайт: трест басқармасы – Мәс кеуде,
Бүкілодақтық Халық шаруашылығы кеңесінің (ВСНХ СССР)
Главметалл қарауында; демек, Қа ныш Имантайұлына сол күзде-
ақ Одақ астанасына баруға тура келген.
Атбасар түсті металдар тресі Еңбек және Қорғаныс Кеңесі-
нің (СТО СССР) 1925 жылдың 10 маусым күнгі қарарымен
ұйымдас қан. Қарауында екі өндіріс бар комбинаты, оған
Қарағандының көмір кендері мен Өспен (Нілді) мыс кеніш
(Көкөзек жә
Объяснение: