Мәтіннен қыздың іс-әрекетін тауып жазыңыз. перевод : найдите действие девушки в тексте. баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. үйінің айналасы бау-бақша екен. қарияның кішкене қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. ол бөлме жабық тұрады екен. бір күні қыз қарияға: - әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді. - оның дұрыс, қызым. жақсылардың ең жақсысы сонда. бірақ сен әлі жассың. өскенде бұл бөлмені саған беремін. сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады әкесі. ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. қария қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. қыз қуанып есікті ашып жібереді. сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және кітап. олардан өзге түк жоқ. қыз әкесіне жылап келіп: - әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді. - міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. ал кітап оқысаң, білім артады. дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария. ответьте на вопросы : төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша бір сөйлеммен жауап беріңіз. а) қария ұршық пен өрмекті не үшін «жақсыларға» жатқызды? в) қария қызына кітаптың маңызын не деп түсіндірді? нужно, желательно на казахском с переводом.
Қыздың мәтіндегі іс – әрекеті: бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды; есікті ашып жібереді; жылап келеді.
А) Қария ұршық пен өрмекті не үшін «жақсыларға» жатқызды?
Себебі, ұршық пен өрмек арқылы еңбектеніп, армандарына қол жеткізе алады. Дүниедегі нәрсенің барлығы еңбекпен келеді. Адам өмірі еңбекпен тығыз байланыста болады. Жалпы, еңбек адамның табиғи жетістігі болып саналады.
В) Қария қызына кітаптың маңызын не деп түсіндірді?
Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» деген, себебі кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз.