Мәтіннен тілек мәнді сөйлемді теріп жазып, олардың мағынасын анықтаңыз.
Ел аузынан
Шапқыншылық кезіңде сыр бойының қалаларының біразы жоңғарлардың қол астында қалады. Ел басшылары жиналып, қалай құтқарудың жолын қарастырады. Сонда Қарабек батыр: "Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ", – деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі,
Жаудан бұққан немені,
Ортасынан қуса игі, –
деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді.
2. Автордың қалауын нақты сөйлемдермен, қалау рай формасында келтіріңіз.
М.Әуезов: «Биограф ретінде Абай өміріне қатысты материалдар жинаумен 1930 жылдан кейін айналыса бастадым. Өкінішке орай, бұл кезде ақынды жүзбе-жүз танитын адамдардан бірен-саран қариялардың ғана көзі тірі еді», – деп жазады. Абай туралы ұзақ уақыт материал жинаудың қиындығын былай жеткізеді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп, сөнуге айналған ошақ орнынан әлсіз қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып, жалынды алауға айналдырмақ болған кешеуіл жолаушының харекетімен салыстырар едім. Көне көз қариялардың күңгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас дәуіріне жетелеп, жол көрсетіп отырды. Алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын заманындағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым».