Мәтіннен мына сөздердің/сөз тіркестерінің/ синонимін тауып
Текст :
Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен.
Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен əдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен.
Шың туралы мына аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, ешқашан оларды еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сəл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сəтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, барлық əл-дəрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес тауына айналған екен десед У МЕНЯ СОЧ
ответ:
менің сүйікті ақ мұқағали мақатаев. осы есімді айтқанда көңіл шіркін сан құбылады. өйткені мен мұқағали өлеңдерін оқып,жаттап өстім. алғаш шәкірт атанып,мектеп ғын аттаған сәттен бастап-ақ мұқағали өлеңдерімен таныстым. мұқағали деп аталатын ақын барын естіп,оның өлеңдері санамнан бір сәт кеткен емес. қ дәуреннің қызығымен бірге бойға сіңген ақын өлеңдері жан дүниесіне мен ой-санамды түгелдей билеп алғандай еді. мұқағали өлеңдерін оқып отырып қпен қоштастым,мұқағали өлеңдерін оқи отырып кеудеме сыймай аласұраған алғашқы сезіммен де арпалыстым. мұқағали өлеңдерін оқи отырып әлемде махаббат деп аталатын сезім мен құдіреттің барын ұқтым.қуансам қуанышымды бөлісетін,қапалансам қайғымды ортақтастыратын мұқағалидің өлеңдері еді. тіпті көзге жас,көңілге мұң ұялаған сәттерімде мұқағали атамның поэзиясын тыңдаймын. қазақ халқының бір ғана абай болса,мұқағали да жалғыз. ақиық ақын мұқағали мақатаевтың шығармалары жылдар өтсе де жаңғыра береді. ақын жүрек тоқтаса да жыр жүрегі мәңгі тоқтамайтын ақынның өлеңдерін өмірден бөліп қарастыру мүмкін емес.қазақ поэзиясының хантәңірі атанған мұқағали төл әдибеттіміздің шоқжұлдызы болып қала бермек.
ответ:
менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. ақын с.торайғыров ана тілімді:
сүйемін туған тілді – анам тілін,
бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
шыр етіп жерге түскен минутымнан,
құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.
ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. демек әр ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы к.г.паустовскийдің «туған тіліне жаны ашымаған – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
ана тілі - ар өлшемі. олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. ең жақсы – ана тілін құрметтеген . бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені ілікке, шын патриот болуға жетелейді. ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы болғысы келетін жас ң бірінші парызы. ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті отаныңды сүйе білу деген сөз. ақиық ақын м.мақатаев «отан» атты өлеңінде:
мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
мен оның қасиетті тілін сүйем
мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді.