Мәтіннен етістіктерді жазып, төмендегі кестені толтыр.(задание) « Тіл тарихы » үйірмесінің жетекшісі — Зүбәйра апай — жазбаларды зерттеген ғалым . Біз үйірмеде түркі тілдері , шумер тілдері туралы қызықты мәліметтермен танысамыз . Апай : « Инновацияның басты мақсаты — жаңаны табу , белгісізді тану , жоғалтқанды іздей білу . Осы жолда сендерге ақпа раттық технологиялар қызмет етеді » , – дейді . Мен жақында ғаламтордан Олжас Сүлейменовтің « Қыш кітаптың » тари хы жайында жазған сөзін тауып алдым . Ақын : « ... Мен үшін поэма жылдан жылға поэзиялық та , тарихи да мән - мағынамен толыға түсуде . Ой - ниет ассириялық хроникаларда б.з.д. VII ғасырда болған нақты оқиға туралы ха барды оқығаннан кейін басталды » , – дейді . « Ғалым болу үшін өз тіліңе деген шексіз махаббат керек екен » деген ой түйдім . Көне жазбадан бір ғана сөзді « көре алу » керек ! Жаңашылдық деген – осы ! Инновация — талмай іздену арқылы өткенді жаңғырту , бола шақты болжау екен ! Ел Президентінің « рухани жаңғыру » деген сөзінің мәнін енді түсіндім . Рухани жаңғыру – тарих пен инновацияның алтын көпірі ! « Кыш кітап » пен « Ғажайып планетаның » арасын байланыстыра алу да - инновация ! ғылым мен білімдегі жаңашылдық ! Әрбір түлек осыны түсінсін !(текст)
.................................