Мәтіннен дара және күрделі сын есімдерді теріп жаз.
Жыл сайын мамыр айында Жомарттың әкесі үйінің жанына бір түп жас қарағай көшетін отырғызады. Қазір олардың үйінің алдында жап-жасыл алты түп қарағай иық тіресе өсіп тұр. Жомарт дүниеге келгелі бері әкесі баласының туған күніне арнап, белгі ретінде бір түп қарағай отырғызуды әдетке айналдырған.
Енді, міне, жетінші қарағай да осы мекеннің сәні болып жайқалады.
Оңтүстік Қазақстан туралы.
Оңтүстік Қазақстан негізгі саяхат аймағы болып табылады. батыстағы Арал теңізінен шығыстағы Жетісу Алатауына дейінгі және солтүстіктегі Балқаш көлі мен Бетпақдала шөлінен Қазақстанның оңтүстіктегі шекарасына дейінгі үлкен алқапты алып жатқан өңір. Құрамына Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары жатады. Ірі қалалары - Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған.
Оңтүстік Қазақстан өңірі - еліміздің аса дамыған өңірлерінің бірі. Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары — мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады.
Бұл аймақ өзінің бай тарихи және мәдениетімен атақты, оған куә Тараз қаласындағы Айша-Бибі, Қарахан, Бабаджа-Хатун архитектуралық кесенесі, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи архитектуралық кесенесі және т.б. Бұған қосымша бола алатын Алматы облысындағы Жетісу өлкесіндегі ғажайып Сақтардың мазаратты дөңбешіктері. Оңтүстік Қазақстан облысы аймағында әлемге әйгілі атақты Байқоңыр космодромы орналасқан.
Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан дем алуға өте қолайлы климаттық ерекшеліктермен атақты онда аңшылық, альпизизм, шаңғы спорты, канки тебу сияты спорт түрлері дамыған.
Халық арасында қаймағы бұзылмаған салт – дәстүрді ерекше дәріптеп, қастерлейтін өңір де осы – Оңтүстік Қазақстан. Еліміздің кең байтақ аумағында түрлі өңірлер мен олардың ерекшеліктері – халықтың мақтанышы деп білемін.