Мәтіннен біріккен сөздерді , бөлек жазылатын сөздерді , дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып , ( 3-4 мысалдан ) теріп жазыңыз . Семей қаласында Абайдың өмірі мен ақындық жолына арналған әдеби - мемориалдық мұражай бар . Бұл мұражай Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай 1940 жылы 16 қазанда ашылған . Алғашында ол қазіргі Абай көшесіндегі 83 - үйде орналасқан . Мұражайдың экспонаттар қоры көбеюіне байланысты мемлекеттік архитектуралық ескерткіш болып саналатын Ленин көшесіндегі 12 - үйге көшіріледі . Мұражайдың 13 мың экспонат қоры жеті дербес тақырыптық залдарға орналасқан . Мұражайдың « Абай және оның дәуірі » , « Жайлау » , « Үш қайнар бұлақ » , « Абай шығармашылығы » , « Абайдың ақындық өнер айналасы » , « Абайтану » , « Қазақ халқы атын ардақты » атты бөлімдерінде Абай өміріне байланысты мұрағаттық материалдар , түрлі құжаттар , қазақ халқының тұрмыстық этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар , фотосуреттер сирек кездесетін кітаптар орналастырылған . Мұражайдан 1885 жылы Н.И.Долгополов арқылы Абайдың өзі өлкетану мұражайына тапсырған тарихи экспонаттары , Абай шығармаларының алғашқы жинақтарын және әлем тілдеріндегі аудармаларын , Абайдың ақын шәкірттерінің шығармаларын көруге болады . Семейдегі Абай мұражайының бөлімшесі ақынның туған жері Жидебайда 1945 жылы ашылған . Жидебай – Абайдың ата қонысы . Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Қарауыл болады . Семейдегі Абай мұражайының бөлімшесі ақынның туған жері Жидебайда 1945 жылы ашылған . Жидебай – Абайдың ата қонысы . Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Қарауыл өзенінің жайылмасында жатқан қалың қорық , шұрайлы жер . Жидебайды XIX ғасырдың екінші жартысында Құнанбай иемденіп , қыстау салдырған . Құнанбай қажы Жидебайдан он бес шақырым жердегі Ескітам қонысына медресе салдырып , өзінің және туыстарының балаларын оқытқан . Абай сегіз жасынан бастап осы медреседе сауат ашқан . 1880 жылы Абай Жидебайда өз қаражатына жаңа медресе салдырған . Құнанбай қажы дүние салған соң , Жидебай қонысы Құнанбайдың Ұлжаннан туған баласы Оспанның еншісіне көшеді . 1891 жылы інісі Оспан қайтыс болғаннан кейін қыстау Абайдың иелігіне өткен . Абай қыстауға асты - үсті тақтайлы , үлкен терезелі , кең де жақсы қонақжай бөлмелер салдырған . Абай осы қыстауда оңаша кітап оқып , достарымен әңгімелесіп отырғанды ұнататын . Жидебай қонысының табиғаты , Жидебайды мекен еткен халықтың тұрмыс - тіршілігі М.Әуезов шығармасында көркем суреттелген . Бұл қыстау кейін ақынның мұражай - үйіне айналған .
Қыс – күзден кейін келетін, жылдың ең суық мезгілі. Күнтізбе жүйесі бойынша Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан қыс айлары болып саналады. Қыста түн ұзақ, күн қысқа болып, Үркер жұлдызы көкке өрмелеп жоғары көтерілген сайын суыта түседі. Қыс мерзімін халқымыз өзінше бағалап, өз тұрғысынан сипаттап келеді. Осы тұста қыстың бейнесін тірі жанға балаған Ұлы Абайдың мына өлең шумақтары еріксіз тіл ұшына оралады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Бұл мезгілде болатын табиғи құбылыстардың бірін қалдырмай аса көркемдікпен суреттеген Жүсіпбек Аймауытовтың және Ілияс Жансүгіровтің төмендегі өлең жолдары қыстың қатал мінезін көз алдымызда жандандырып тұрғандай:
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар. Қызыл шұнақ қызыл бар. Суда айна тас мүсін бар, Қылаулатқан қырау бар.
1.Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.
1960 жылдардың ортасында осы аймақтағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасалды.
Кейінірек алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындары ашылды.
1980 жылдардың басында республикамызда үшінші алап - Оңтустік Торғай ірі кен орны Құмкөл пайда болды.
1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдары Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1521 қаулысы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.