Мәтіннің стилін анықтап, тілдік құралдарына талдау жаса.
Бүгін – Ұлы Отан соғысында жауқазын ғұмыры қиылған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың (1925-1944) туған күн. Ұрпақ жадында ерлігі мен аты мәңгі сақталсын деп, рухына арнап көше есімі де берілді, ескерткіш те қойылды, өлең де жазылды. Ал қаһарман қызға жасалған тағзымдардың ішіндегі ең ерекшесі Сейдолла Бәйтерековтің "Әлия" әні еді.
Әлия – ару қызы сен халқымның,
Әлия – батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!
Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан,
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.
Саған күнде жазылған көркем дастан,
Саған күнде құшағын көктем ашқан.
"Әлия" әні 1975 жылы дүниеге келген. Көзі тірісінде сазгер былай деген екен: "Ән ойымда біраз жүрді. Күрделі әуен жадымды баурай жөнелді. Басында ыңылдап қана жүрдім. Бірде Бәкір Тәжібаевтың жыр жинағын қолыма алып, аша бергенім мұң екен, көзіме ақынның Әлия Молдағұловаға арналған өлең жолдары түсті. Жадымда жүрген әуенге салып едім, құйып қойғандай дәл келді. Бұл ән арнау емес, бұл ән – жоқтау. Балғын қыздың ерлігін ұлықтау, ел жадында қалдыру үшін осындай ән қажет-ақ".Алдымен дайын ән жас әнші Нағима Есқалиеваға ұсынылған екен. Алайда, ән сол кезде 17 жасар әнші Роза Рымбаеваның орындауында кеңінен танылды. 1976 жылы "Золотой Орфей" байқауында ән шырқалып, бірінші орын иеленеді. Мәскеуліктер "Әлия" әнін "Ең үздік жыл әні" деп бағалап, марапаттаған. "Әлия" әні арқылы жас әнші Роза Рымбаева көпшіліктің көзайымына айналып, өнер көгінде кеңінен қанат қағуына жол ашты. Сондай-ақ, "Әлия" әні көпшілікке сазгер Сейдолла Бәйтерековті де таныстырды. Себебі, сол кезде сазгер есімі елге таңсық, аса танылмаған болатын. "Әлия" әні көптеген жас әншінің ән қоржынынан табылғанменен, ел жадында халық әртісі Роза Рымбаеваның мәңгі қалатыны сөзсіз. Ән патриоттық рух пен ұлттық құндылықты оятады. Тарихқа тағзым, ерлікті ұлықтайтын әсем ән. "Әлия" әні халық қазынасына айналған, орны ерекше шығарма болып қала бермек
Менің сүйікті тағамым.
«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз ет пен манты тағамын сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндерге үнемі манты пісіріп, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады.
Манты – орталық Азия халықтарының қамыр мен туралған (немесе тартылған) еттен әзірленетін ұлттық тағамы. Етті қолдан ұсақтап турап немесе тартылған еттен әзірлейді. Манты пісіру үшін арнайы дайындалған қамырды жұқа етіп, оқтаумен жайып, төртбұрыштап немесе дөңгелектеп ұсақтап кеседі де, ет пен пияз, тұз, бұрыш қосып дайындалған фаршты үстіне көз мөлшермен салып жиектерін, саусақтың ұшымен жапсырады. Отбасымызда мантыны мерекелік күндері әзірлегендіктен, барлығымыз анамызға көмектесіп, мантыны бірге түйеміз. Қалауыңық бойынша ет пен пиязға асқабақ немесе орамжапырақтыұсақтап турап қосуға болады. Түйілген мантыны арнайы табақша ыдыстарға тізіп салып, буға 40 – 45 минут пісіреді.
Манты піскенше тұздығын дайындауға болады. Біз үйде тұздығына пияз бен сәбізді қосып, қуырамыз. Сәлден соң үстіне кішкене су құйып, тұз бен қызанақ пастасын қосамыз.
Ашытқан қамырдан бауырсақ пісіру үшін жылы суға ашытқы, қант, ұн салып жылы жерге қою керек. Ашықты көпіршектеніп ашыған кезде тұз, май, жұмыртқа, ұн салып өте жұмсақ етіп иін қандыра илейді. Жұмсақ иленген бауырсақ жақсы қабарып, жұмсақ болып піседі.Таба нан – ұнға май, сүт қосып иленеді. Қамырды бір табаның үстіне екінші табаны төнкеріп жауып, шоқтың қоламтасына көміп пісіреді. Таба нанды ашытып немесе ашытпай пісіруге болады. Қамыр жақсы ашу үшін екі-үш көтерілуі керек.
Құйрық май қосылған таба нан – май салып қатты иленген қамырды табаның үлкендегіндей етіп 1 см қалыңдықта жайып, майланған әрі қыздырылған табаға салып отқа қояды, Нан табаға салынған соң бармақпен әр жерінен тесіп, сол жерге ұсақ туралған құйрық май салады. Бетіне тағы бір таба жабылады. Құйрық маймен пісірілген таба нан өте дәмді болады.Салма – асқа етке салынатын ұннан дайындалады. Салманың аты әр жерде әртүрлі: салма, кеспе, жайма, шелпек, нарын, үзбе т.б. Салманы сорпаға, не суға қатты етіп қамырдан дайындалады. Ол дәмді болу үшін оның қамырына бір-екі жұмыртқа салу жөн, Салма етке жабысып қалмау үшін оны салардың алдында етті сүзіп алады. Май шелпектің арасына қойдың, жылқының шыжығын салуға болады.