В
Все
Б
Биология
Б
Беларуская мова
У
Українська мова
А
Алгебра
Р
Русский язык
О
ОБЖ
И
История
Ф
Физика
Қ
Қазақ тiлi
О
Окружающий мир
Э
Экономика
Н
Немецкий язык
Х
Химия
П
Право
П
Психология
Д
Другие предметы
Л
Литература
Г
География
Ф
Французский язык
М
Математика
М
Музыка
А
Английский язык
М
МХК
У
Українська література
И
Информатика
О
Обществознание
Г
Геометрия
6755175
6755175
07.03.2023 20:55 •  Қазақ тiлi

Мәтіннің әр бөлігіне 2 сұрақтан құрастыр

1) Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр күні түстен кейін қой-қозы, бота, тайды жұтады да жоқ боп кетеді. Атқан оқ дарымайды. Әзірге адамға ауыз салған жоқ. Кейін қайтерін кім білісін? – деді садақ ұстаған жігіт. – Шарасын таппай дал болдық... – Ойбай... Әне... Тағы келді, - деп сөзін жалғастырды жігіт. – Аждаһа шығады.
Жанқожа қылышын алып, солай қарай жүрді. Қасындағы адамдар жан-жаққа қашты. Ауыл ақсақалы, жасақ басшысы, сауыт, дулыға киіп қару асынған бес-алты жігіт амалсыздан ізіне ерді. Мақұлық үйдің арт жағында тұрған құлынды алып жұтқалы тұр екен. Жанқожа жылдам «Қуран» оқыды да ақырып, қасына жетіп барды. Тез қылышын көтерді.
Лезде айбатанан айырылған мақулықтың көзінен пора-пора жас ағып, сылқ етіп алдына жата кетті. Оның бейшара халін көрген Жанқожа қылышын түсірді.
- Ағарған әкеліңдер! – деді сосын одан отты жанарын алмастан...
Жасақ басшысы жүгіріп қараша үйге кірді де ентелей жетті. Артына қарамстан қолын созған Жанқожа одан зерен кеседегі сүтті мақұлықтың басына шашып жіберді.
Мақулық көзінен жас тамшылаған күйі Жанқожға бір қарады да кері бұрылып, ақырын-ақырын жоқ боп кетті. Сұсты мақұлықтан құтылғанына қуанған адамдар қатты қуанды.

2) Жанқожа екі күн ақсақалдың уйінде жатты. Аждаға қайта оралмады. Ауыл адмдарды үрейден арылып, тасаттық берді. Үшінші күні еліне қайтты. Үлкендер батсын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. Ауылдан ұзап шыққан соң тізгінді босатты...
Түн. Жұлдыздар жымыңдайды. Шалқалай туған айдың жарығынан жол бедері анық байқалады. Қызылқұмның ішінде торы атты құстай ұшырып келеді. Кенет алдынан ақ отау көрінді. Айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. Бұл жер таныс сияқты. Анадай жердегі сесеуілге көзі түскенде барып, мұның жылқының өлексесі жатқан жер екенін бірден сезе қойды. Демек, торы ат жүйткіген екен. Әйтпесе, бұл жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. Он сегіз мың ғалымның тылсымын кім түсіндер дейсің?! Өз көзімен көріп өткен жазық далаға айналасында әскері жоқ демесең, хан ордасы көшіп келгендей. Әдемі ақ отаудың жанына барғанда іштен ханшадай киінген сұңғақ бойлы қыз шықты. Инабаттылық басын сәл иіп сәлем берді:
- Жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз!
Жанқожа ізет сақтап қызбен амандасты. Астындағы торысы аман болса, аулының алыстығы білінбейді. Айдаладағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бұл жерде қандай сыр бар екндігі көбірек қызықтырған тәрізді. Құранды ердің басына байлаулы тұрған сусын құятын ыдысын алған соң, атын қоя берді. Ыдыстағы суға жуынып алды. Қыздың соңынан үйге кірді де төрге озды. Дастрақан жайнап тұр екен. «Мынадай таңсық тағамдар елдің дастарқанында болса ғой» деп ойлап отырды.

Показать ответ
Ответ:
olesyamolyanova
olesyamolyanova
05.07.2020 05:33

«Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға,  

тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының 

астанасына айналады» Н.Ә.Назарбаев

1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, болашақта  мәдени-ғылыми орталық болатынына күмән келтіргендер де аз емес еді. Астананың гүлденіп, көркеюі  – Қазақстанның дамуының бір белгісі .

Еліміздің ертеңгі болашағы біздер, яғни жастар. Сондықтан әр Қазақстандық  еліміздің, жеріміздің өркендеп - өсуіне зор үлесін қосуға міндетті. 

Бұл Астана қазақ қазақ болғалы ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен болашағына жол тартатын құтты қонысы болмақ.

Астана  жылдан – жылға гүлдеп, жайнап келеді. Сарыарқа төсіне тағылған жақұт алқадай болып жарқырап көрінеді. Астананың тәуелсіз Отанымызбен айбынды Астанамыздың  өсіп өркендеуі  әрине біздің жастардың қолында.

Егемен Қазақстан осы сөздерді естігенде менің көз алдыма алтын пырақты  елтаңбамыз, көгімізде желбіреген көк байрағымыз, құлағымызда әуелеген әнұранымыз келеді. Біз  тәуелсіз елдің болашағымыз. Біздің еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп, көптеген жеткістіктерге аз ғана жылдар ішінде қол жеткізіп келеді. Олардың барлығын тізбектеп айту мүмкін емес те шығар. Атап айтар болсақ,еліміздің қол жеткізген жетістіктерінің бірден-бірі Елордамыз Астана. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы.

Қазір Астананы армандап, аңсамайтын бала жоқ. Бәрінің арманы Астанада білім алсам, көрсем дейді. Астанада ЭКСПО өткенде қаншама қазақ теледидардан көріп ақ марқайып отырды десеңізші. Сол болашақтың қаласы үшін әр қазақстандық өз үлесін қоса білуі қажет. Үлес қосу үйдегі тәрбиеден, мектептегі білімнен, оза шауып, топ жаратын сайыстардағы алғырлығыңмен білінеді. Сенің біліміңмен еңбекқорлығың Қазақ елінің мәңгілік ел болып жалғасуына септігін тигізері сөзсіз. Болашақта еліміздің табысты, жемісті болуы  оның табиғи байлығымен ғана емес, біздің  бәсекеге қабілеттілігімізбен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, ХХІ ғасырға лайықты заманауй қасиеттерге ие болуымыз керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты  әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті . Заманның талабына сай өзгеріп келе жатқан жас қаламыз Астана жарқырай берсін!

0,0(0 оценок)
Ответ:
ddfgdfgdfg
ddfgdfgdfg
26.06.2022 04:35

Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді жене жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мындаған километр жерге айдап апарады. Міне сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады.

Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, а ң алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота