Қонақ күту.Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі.Әдетте шәйді бойжеткен қызға құйдырады.Оның себебі қыз бала келешек шаңырақ иесі, ас иесі болғандықтан жастайынан қонақ күтуді үйрене берсін деген ниет болған.
Ұстаз — мектептің жүрегі, баланың тірегі, екінші анасы әрі қамқоршысы. Мен ұстаздардың еңбегін бағалаймын,сондықтан олардың еңбектерінің еленгенін қалаймын.Өйткені олар — бала үшін жанын салып, білімнің бар кәусар бұлағын ашып, біздің санамызға сәулесін төгіп,нұрын шашатын жақсылық иелері. Олай дейтінім, жақсының жақсылығын айт, нұры тассын дегендей, мен өзімнің сынып жетекшіммен мақтанғым келеді. Ол кісі -сондай мейірімді, ақылды, ақкөңіл әрі өте білімді адам.Бізге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін сынып жетекшіміздің барлық сабақтары қызықты өтеді,өйткені,ол — өте ізденімпаз жан. Сыныптағы 15 қыз бен 6 ұлдың көңілін тауып, бәрін өз баласындай көретін керемет құрметке лайық апайымыздың еңбекқорлық,бауырмалдылық,ұйымшылдық қасиетін біз ешқашан ұмытпаймыз.Сабақ оқимыз,сабақта тыныш отырамыз, барлықіс-шараларға белсенді қатысамыз, бұның бәрі — Ергүл Қуандыққызының еңбегінің арқасы.
Мен ұстаздардың еңбегін бағалаймын,сондықтан олардың еңбектерінің еленгенін қалаймын.Өйткені олар — бала үшін жанын салып, білімнің бар кәусар бұлағын ашып, біздің санамызға сәулесін төгіп,нұрын шашатын жақсылық иелері. Олай дейтінім, жақсының жақсылығын айт, нұры тассын дегендей, мен өзімнің сынып жетекшіммен мақтанғым келеді. Ол кісі -сондай мейірімді, ақылды, ақкөңіл әрі өте білімді адам.Бізге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін сынып жетекшіміздің барлық сабақтары қызықты өтеді,өйткені,ол — өте ізденімпаз жан. Сыныптағы 15 қыз бен 6 ұлдың көңілін тауып, бәрін өз баласындай көретін керемет құрметке лайық апайымыздың еңбекқорлық,бауырмалдылық,ұйымшылдық қасиетін біз ешқашан ұмытпаймыз.Сабақ оқимыз,сабақта тыныш отырамыз, барлықіс-шараларға белсенді қатысамыз, бұның бәрі — Ергүл Қуандыққызының еңбегінің арқасы.